8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Ақпан 2019 2267 0
Қалалықтар қаперіне

КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ – ЖАҢА ТҮБІРТЕК

Жаңа жылдан бастап барлық коммуналдық қызмет тарифтері төмендегені белгілі. Төмендетілген тарифтерді тұтынушылар ақпан айында берілетін түбіртектерден көретін болады. Бұл туралы бүгін Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде  «Коммуналдық қызметтерге төмендетілген тарифтерге тұтынушылар алатын түбіртектер туралы түсіндіру» тақырыбында өткен брифингте мәлім болды.

 

Брифингке «Жайықжылуқуат» АҚ, «Батыс су арнасы» ЖШС, «Батыс Энергоресурсы» ЖШС, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ БҚФ, «Ақсайжылуқуат» МКК өкілдері қатысып, туындаған мәселелер бойынша түсініктеме берді.

«Батыс су арнасы» ЖШС-ға сумен жабдықтау бойынша  бұдан бұрын 1 текшеметр үшін –  47,02 теңге төлеген болсаңыз, енді төмендетілген бағамен 45 теңге төлейсіз. Сол секілді «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-тың газбен жабдықтау бойынша тарифі 1 метр кубқа – 17,87 теңгеден 17,24 теңгеге арзандаған. «Жайықжылуқуат» АҚ жылудың 1 Гкалы үшін 4524,31 теңге болатын тарифін 4060,39 теңгеге қысқартып отыр. Ал жылыту үшін 1 шаршы метр құны 142,52 теңгеден 127,2 теңгеге азайған.  «Батыс Энергоресурсы» ЖШС электр қуатын тұтынғаныңыз үшін 1 квт/сағатты бұдан бұрын 11,57 теңгемен есептесе, қазір бұл баға 10,42 теңгеге төмендеді. Айта кету керек, жалғыз тұратындар зейнеткерлер, мүгедектер, Ұлы Отан соғысының қатысушылары және оларға теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ электр плиталарын пайдаланбайтын тұтынушыларға арнайы жеңілдіктер қарастырылған.

Жиында қызмет көрсетуші серіктестік өкілдері тұтынушылар ақпан айында төмендетілген тарифтермен қандай түбіртектерді алатынын түсіндірді.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
85 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
64 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
76 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
145 0
Оқиға
200 – ден астам патрон табылды
12 Наурыз 2026
162 0
Оқиға
16 қылмыс ашылып, 35 адам ұсталды
12 Наурыз 2026
191 0
Мезгіл мәселесі
Права услугополучателей — главный приоритет
12 Наурыз 2026
147 0
Без рубрики
Қызмет алушылар құқығы – басты назарда
12 Наурыз 2026
151 0
Мезгіл мәселесі
Ата Заң айшығы: әл-ауқаттың жаңа формуласы
12 Наурыз 2026
158 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»