8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Қараша 2024 5533 0
Бәрекелді!

Келіндерге ақшалай сыйақы берілді

Бүгін, қарашаның 22-сі күні Достық үйінде БҚО қоғамдық даму басқармасының қолдауымен, «Тұғырым» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Пай – пай қазақтың келіндері-ай!» атты келіндер сайысы өтті.


Бұл байқаудың ерекшелігі – жарысқа қатысушы келіндердің барлығы да отбасындағы ата-енелерімен бірге тұрады.

Шарада облыстық қоғамдық даму басқармасының бөлім басшысы Жаннұр Ахметов құттықтау сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

Айтулы сайыста Ақжайық, Қаратөбе, Тасқала, Шыңғырлау, Жәнібек, Бәйтерек, Теректі , Бөкей орда, Бөрлі ауданынан және Орал қаласынан келген келіндер ән айту, сән үлгісін көрсету, ұршық иіру, салт – дәстүрден көрініс көрсету, ауыл өмірінен бейне таспа көрсету арқылы бақ сынады.

Аталмыш сайыстың соңында әділқазы алқасының мүшелері Меңзипа Жұматова, Тамара Нәби барлық қатысушыларға ізгі тілектерін айтып, алғыстарын жеткізді.

Әділқазылар алқасының шешімімен бөкейордалық Сұлушаш Ғұбашева бірінші орынның жеңімпазы атанып, 500 000 теңге иеленсе, екінші орын алған қаратөбелік Гүлдана Имашева – 300 000 теңге, үшінші орын иегері жәнібектік Қырмызы Бисенғалиева – 200 000 теңге қаржылай сыйлық пен Алғыс хатпен марапатталды. Сондай- ақ, басқа да келіндерге арнайы Алғыс хат табысталды.

Г. АЯЗБАЕВА
Бұл туралы газетіміздің келесі санынан толық нұсқасын оқисыздар.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»