8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Шілде 2020 1555 0
Қоғам

КӘСІПКЕР ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАҒА ОТТЕГІ КОНЦЕНТРАТТАРЫН СЫЙЛАДЫ

             Бүгін оралдық кәсіпкер, «Давид Строй» ЖШС директоры Қанат Жанғазиев облыстық көпбейінді ауруханаға әрқайсысының құны 680 мың теңге тұратын үш оттегі концентратын сыйға тартты. Қазіргі таңда емдеу ісіне аса қажетті құрылғы қысылтаяң шақта жерлестеріміздің қауіпті дерттен айығуына сеп болары сөзсіз.

Облыстық көпбейінді аурухана директоры Арман Байдеуов дәрігерлерге қолдау, науқастарға көмек көрсетіп жатқан жанашыр жандарға шексіз алғысын білдірді.

– Бүгінде ауруханадағы жағдай тым ауыр. Провизорлық стационарға күніне ауа жетпей демігіп, жиырмадан аса науқас түседі. Осы тұста оларға оттегі концентраты аса қажет.  Бизнесменнің бұл сыйы науқастарға дер кезінде көмек көрсетуге үлкен сеп болды. Сол себепті медициналық қызметкерлердің, емделушілердің атынан ризашылығымызды білдіремін, – деді «Көпбейінді облыстық ауруханасы» ШЖҚ МКК директоры Арман Байдеуов.

Өз кезегінде кәсіпкер облыстық ауруханаға алғаш рет қайырымдылық жасап отырғанын тілге тиек етіп, алдағы уақытта қолдан келген көмегін аямайтынын жеткізді.

– Елімізде болып жатқан төтенше жағдайға бейжай қарап отыра алмадық. Осы орайда Орал қалалық әкімшілігіне хабарласып, тұрғындарға қандай көмек қажеттігін сұраған едік. Ақылдаса келе, облыстық ауруханада оттегі концентраты жетіспейтінін білдік. Сол себепті ауруханаға үш құрылғыны алып келдік. Бұл бастаманы өзге кәсіпкерлерге жолдаймыз. Мұндай қиындықты тек бірлігіміздің нәтижесінде ғана жеңе аламыз, – дейді Қанат Қайратұлы.

Айта кету керек, 7 шілдедегі мәлімет бойынша өңірімізде індет жұқтырғандар саны – 3423-ке жетті. Олардың 1185-і жазылып, үйлеріне шыққан. Облыстық аурухананың провизорлық стационар бөліміне күніне 20-22 науқас түссе, 100-ден аса науқас ем алуда. Аурухана басшысының мәліметінше, он екі науқас ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.

Жуырда облыстық көпбейінді ауруханада 150 орын провизорлық стационар ашылады деп күтілуде.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»