8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Маусым 2023 1496 0
Мезгіл мәселесі

Экология министрі Зүлфия Сүлейменова өрт кезінде көз жұмған орманшылардың соңғы сөзі туралы айтты

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Абай облысындағы өрт кезінде орманшылардың рация арқылы айтқан соңғы сөздері туралы айтты. Бұл жайлы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сүлейменова көз жұмған азаматтардың жақындарына көңіл айтып, өрт басталғанда бірінші болып оқиға орнына орманшылардың аттанғанын мәлімдеді. Алайда 8 маусымда олар байланысқа шығуды доғарған.

«Кеше 14 адамның мәйіті табылды. Біз 8 маусымда 21:00-ден кейін, 22:00-ге таяу байланысты жоғалттық. Рациямен соңғы рет желдің бірден бағытын өзгертіп, түтін басқанын айтты. Барлығы дұрыс болады деп үміттендік. Қою түтіннен оларды табу мүмкін болмады. Кеше мәйіттері табылды. Осы жағдайды пайдаланып, өрт сөндіру кезінде көз жұмған азаматтардың отбасы мен жақындарына көңіл айтқым келеді», – деді Зүлфия Сүлейменова.

Министрдің сөзінше, жағдай әлі де күрделі. Жел күшейген. Сондай-ақ ауа райы болжамына сәйкес алдағы бірнеше күнде қатты жел соғады.

«Жалынды оқшаулап, ұстап тұруға тырысамыз. Келген зиян көлемі есептеледі. Комиссия жұмыс жүргізеді. Барлығын аз уақытта істеуге тырысамыз, бірақ өрт сөндірілген соң оқиға орнына жығу керек. Өрт кезінде мұндай жұмыстарды атқару қиын. Дегенмен қазірден-ақ шығынның үлкен екенін айтуға болады. Себебі бұл тарихымыздағы ең үлкен өрт шығар. Бұл туралы айту ерте, бәлкім шығын көлемі миллиардтаған теңге болуы ықтимал. Абай облысындағы жағдай – үлкен апат», – деді Зүлфия Сүлейменова.

Еске салайық, бұған дейін мемлекет басшысының жарлығымен Абай облысында орын алған төтенше жағдайда қаза тапқан орманшылар көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін “Құрмет” орденімен марапатталған еді. 

Дереккөз: stan.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»