8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Қазан 2024 5870 0
Қалалықтар қаперіне

Интернет-алаяққа алданбаңыз!

Бүгінде кең таралған қылмыстардың бірі – ол алаяқтық. Қазіргі дамыған заманда алаяқтар азаматтардың атынан онлайн несие алу және адамдардың интернет-алаяқтық  әсерінен қарызға батуы проблемаға айналды.

Интернет желісінде жасалған қылмыстар, оның ішінде әлеуметтік желілерде вирустық сілтемелерді тарату туралы хабарландырулар көп кездесуде. Бұл жөнінде БҚО Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Арман Молдиярұлы Оразалиев ескерту жасап, халықты алаяқтардың құрбаны болмауға шақырады.

Интернет алаяқтардан сақ болудың қарапайым қауіпсіздік шаралары:

1. Ең бастысы кім болып хабарласса да ҚОРЫҚПАҢЫЗ!
2. Қазақша сөйлеуді талап етіңіз;
3. Белгісіз адамға жеке мәліметтер, құпия кодтарды айтпаңыз;
4. Фотосуретке түсуді сұраса, келіспеңіз;
5. Белгісіз сілтемелерді жүктемеу керек;
6. Ең дұрысы – сөйлесуді доғару
Ағымдағы жылдың 9 айында 333 интернет-алаяқтық қылмысы тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 23 фактіге немесе 6,5%-ғатөмендеді. Ал сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында алаяқтық фактілер кезінде пайдаланылған дропперлердің 266 банктік есепшоттары және алаяқтар қонырау шалған 392 ұялы телефон нөмірлері бұғатталды.

«Cyberpol» тобы құрылғаннан бері бірнеше қылмыстық істер ашылған. Олардың ішінде эпизодтық бірнеше істер бар. Атап айтқанда, РФ азаматына қатысты 8 эпизодтық қылмыстық іс ағымдағы жылы сотқа жолданды (келтірілген шығын 23 133 500тг.) Сонымен қатар, пәтерді жалға беру сылтауымен «krisha.kz» қосымшасында арқылы алаяқтық жасаған Орал қаласы тұрғыны «М» есімді азаматқа қатысты 5 эпизодтық қылмыс іс сотқа жолданды.

Қазіргі уақытта «WhatSapp» мессенджері арқылы өзін тумасы ретінде таныстырып алаяқтық жасаған облыстың 3 тұрғынына қатысты эпизодтық қылмыстық істер сотқа жолдау жоспарлануда (келтірілген шығын 1 275 100 тг.).

Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша облыс тұрғындарына интернет – алаяқтар тарапынан 784.446.642 тг. шығын келтірілді, оның 37.050.903 тг. жәбірленушілерге қайтарылды.

Жалпы тіркелген 333 интернет-алаяқтық фактілерінің 75-сі зейнеткерлер, 33-і мұғалімдерге, 41– дәрігерлерге, 88– жұмыссыздарға және 96-сі жеке кәсіпте жүрген тұлғаларға қатысты жасалған.

Қазіргі уақытта алаяқтықтың ең көп таралған түрлері бұл банк қызметкері болып таныстыру – 279 факті тіркелді, танымал қосымшалардан тауарлар сатып алу – 26 факті, инвестиция – 11факті және тағы да басқа 17 факті тіркелді.

2024 жылы 3 мәрте «Anti-Fraud» республикалық және «Stop-интернет алаяқтық» облыстық ЖПІШ өткізіліп, іс-шара барысында 54 қылмыс ашылды.

БҚО ПД баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
352 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
440 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
496 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
508 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
557 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
777 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
808 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
759 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
711 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
755 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
937 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»