ЕРЕКШЕ СОҒЫЛҒАН СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ (видео)
Әлеуметтік желі арқылы тараған видеодан көргеніміздей, қоңырау үнін сыңғырлатқан көлік көшелермен жүріп өткен. Ал мектеп формасын киіп, қолдарына жалауша ұстаған балалар үйлерінің алдына шығып қол бұлғап тұр. Бұл БҚО-ның Жәнібек ауданында түсірілген. Аудан орталығында ғана емес, ауылдарда да соңғы қоңырау осындай – ерекше жағдайда ұйымдастырылыпты.

Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, БҚО-да 108 мыңнан астам оқушы контингентімен 390 мектеп оқу жылын аяқтады. Бүгін 1-10 сыныптар үшін онлай-сынып сағаттары ұйымдастырылды. Әлеуметтік желілерде «Сәт сапар, жас түлек!», «Ұстаздарға мың алғыс», «Мектеп – білім ордасы», «Көңілді жазғы демалыс» тақырыптарымен үздік мұғалімдер, білім алушылардың жетістіктері туралы, өңірдің үздік білім беру жобалары жөнінде сюжеттер шығарылуда.
Облыс бойынша 2020 жылғы мектеп бітірушілер саны – 5 142. 2019-2020 оқу жылында облыс бойынша 362 түлек «Алтын белгі» иегері және 223-і «Үздік аттестат» иегері атанды.
Эльмира НҰҒМАНОВА
zhaikuni.kz
Соңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру
Пікір үстеу