8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Тамыз 2019 2372 0
Қалалықтар қаперіне

«ДЕНСАУЛЫҚ» ПОЙЫЗЫ: БҚО-ДАҒЫ ШАЛҒАЙ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ

«Медициналық пойыз» жобасы еліміздің барлық облыстарын аралап, тегін медициналық көмек көрсетуді жалғастыруда. 19 тамыз бен 26 тамыз аралығында Батыс Қазақстан облысының 9 станциясының тұрғындары тегін медициналық консультация мен медпойыз мамандарынан алғашқы медицианалық көмек ала алады. 

Медициналық пойыз мамандарына қаралған тұрғындардың саны күн санап өсіп келеді. Осылайша, 29 сәуірден бастап бүгінгі күнге дейін «Денсаулық» консультативті-диагностикалық пойызы 7 облыстың 101 станциясының тұрғындарына медицианлық көмек көрсеткен.

Медициналық пойыз дәрігерлері барлығы 15 522 тұрғынды тексеруден өткізген, оның 2 808 бала, жалпы дәрігерлік қабылдаудың саны 37 283 құрайды.

Жоба басталғаннан бері 1 279 шағын медициналық ота жасалған, 546 ФГДС процедурасы, 5 638 УДЗ(УЗИ) және 2 371 флюорография жасалған. Медициналық пойыз дәрігерлерінің ішінде ең көп адам қабылдап үлгерген ол -терапевт маман, оған 5 079 адам қаралған, офтальмолог 5 134 пациент қабылдаған және 4562 тұрғынды тексерістен өткізген кардиолог дәрігері.

Естеріңізге сала кетсек, жоба 29 сәуірден бастап жүзеге асырылып келеді. «Медициналық пойыздың» басты мақсаты еліміздің шалғай аудан тұрғындарын тегін медициналық қызметпен қамту. Жобаны «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ат салысуымен жүзеге асырып жатыр.  Пойыздар неміс және жапон өндірісінің алдыңғы қатарлы фирмаларының заманауи диагностикалық құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Аппаратуралар пациенттерге қажет болған жағдайда толық жалпы және биохимиялық талдаулар жасауға, ренгенография және флюрографиядан өтуге, ішкі органдарға және қан тамырларына УДЗ-зерттеулер жүргізуге, электрокардиограмма, гастрофиброскопия жасауға және басқа да диагностикалық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.

Медициналық пойыз осы күнге дейін Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында болды. 26 тамызда «Денсаулық» пойызы Батыс Қазақстан облысы бойынша жұмысын аяқтап, Ақтөбе облысына бет алады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»