8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Маусым 2024 4314 0
Құттықтаймыз!

ҰБТ-дан 140 балл жинады

Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізудің алтыншы аптасында Алматы облысының түлегі ең жоғары 140 балды жинады.

Мұндай көрсеткіш соңғы рет елде 2021 жылы тіркелген. Максималды межеге қол жеткізген түлек Kazinform тілшісіне тестке қалай дайындалғаны туралы айтып берді.

Жаннұр Еңсебек – Алматы облысының Талғар ауданына қарасты Қарабұлақ ауылының №22 жалпы білім беретін орта мектебінің түлегі. Ауылдың қарапайым, қара домалақ баласы.

«Мен қарапайым отбасынан шыққан баламын. Анам бастауыш сынып мұғалімі, әкем инженер. Отбасында 2 баламыз. Биыл алтыншы сыныпты үздік аяқтаған қарындасым бар»,- дейді Жаннұр.

Айтуынша, таңдаған пәні – информатика және математика. Ол тестілеуге дайындығын 10-сынаптан бастаған.

«Мені түрлі техникалар қатты қызықтырады. Сонымен қатар есеп шығарғанды жақсы көрем. Қаңтар айындағы алғашқы ҰБТ-дан 121 балл жинадым, Наурызда 137 балл алдым. Алайда, бұларға грант жоқ. Жаздағы ҰБТ-ның екеуін де пайдаландым. Біріншісінде 132 алдым. Екіншісінде, ⁠140 максималды балл жинадым. Енді құжатымды SDU университетіне тапсырамын. Болашақта Ақпараттық-технологиялар» IT маманы болғым келеді»,- дейді түлек.

Ол ҰБТ нәтижесін көргенінде көзінен жас шығып кеткенін жасырмады.

«Алғаш нәтижемді көргенде орнымнан ұшып тұрдым. Көзімнен жас шығып кетті. Кеудемді қорқыныш биледі. Десе де дайындығым жүйелі болды. Бір күнімді бос жібермей оқып, еңбектендім. Екі жыл бойы күн сайын 8 сағатымды ҰБТ-ға арнадым »,- деді 140 балл иегері.

Айтуынша, білім беру орталығында онлайн дайындалған.

«Мен үшін Juz40 білім беру орталығының жыл басында уәде еткен Hyundai Sonato автокөлігі үлкен мотивация болды. Бұйырса, аталған орталық екінші шілде күні машинаны табыстайды. Көлікті әкеме сыйлаймын»,- дейді ол.

⁠Алтын белгі иегері, ҰБТ тапсырып жатқан қатарластарына сәттілік тіледі.

«ҰБТ тапсыратындарға сәттілік тілеймін, тек моральдық тұрғыда беріліп қалмаңдар дегім келеді. Қолдарыңнан бәрі келеді»,- деп жігерлендірді Жаннұр.

Осыған дейін Ауыл мектебінің түлегі ҰБТ-да барлық сұраққа дұрыс жауап бергені туралы жазған едік.

Естеріңізге сала кетсек, соңғы рет ҰБТ нәтижесі бойынша 140 балды Павлодар облысының талапкері 2021 жылы жинаған болатын, ал 2018 жылы Алматы қаласының талапкері жинады.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, негізгі ҰБТ басталғаннан бері 264 мың рет тест тапсырылды. Оның ішінде талапкерлердің 75%-ы қазақ тілінде, 25%-ы орыс тілінде, 197 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

ҰБТ басталғалы шекті балды 77% талапкер жинады. Орташа балға келетін болсақ, ол 69 балды құрады.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға алты аптаның ішінде 620 талапкер қатысты.

Айта кетсек, 2024 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.

  • Дереккөз: kazinform.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»