ҰБТ-дан 140 балл жинады
Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізудің алтыншы аптасында Алматы облысының түлегі ең жоғары 140 балды жинады.
Мұндай көрсеткіш соңғы рет елде 2021 жылы тіркелген. Максималды межеге қол жеткізген түлек Kazinform тілшісіне тестке қалай дайындалғаны туралы айтып берді.
Жаннұр Еңсебек – Алматы облысының Талғар ауданына қарасты Қарабұлақ ауылының №22 жалпы білім беретін орта мектебінің түлегі. Ауылдың қарапайым, қара домалақ баласы.
«Мен қарапайым отбасынан шыққан баламын. Анам бастауыш сынып мұғалімі, әкем инженер. Отбасында 2 баламыз. Биыл алтыншы сыныпты үздік аяқтаған қарындасым бар»,- дейді Жаннұр.
Айтуынша, таңдаған пәні – информатика және математика. Ол тестілеуге дайындығын 10-сынаптан бастаған.
«Мені түрлі техникалар қатты қызықтырады. Сонымен қатар есеп шығарғанды жақсы көрем. Қаңтар айындағы алғашқы ҰБТ-дан 121 балл жинадым, Наурызда 137 балл алдым. Алайда, бұларға грант жоқ. Жаздағы ҰБТ-ның екеуін де пайдаландым. Біріншісінде 132 алдым. Екіншісінде, 140 максималды балл жинадым. Енді құжатымды SDU университетіне тапсырамын. Болашақта Ақпараттық-технологиялар» IT маманы болғым келеді»,- дейді түлек.
Ол ҰБТ нәтижесін көргенінде көзінен жас шығып кеткенін жасырмады.
«Алғаш нәтижемді көргенде орнымнан ұшып тұрдым. Көзімнен жас шығып кетті. Кеудемді қорқыныш биледі. Десе де дайындығым жүйелі болды. Бір күнімді бос жібермей оқып, еңбектендім. Екі жыл бойы күн сайын 8 сағатымды ҰБТ-ға арнадым »,- деді 140 балл иегері.
Айтуынша, білім беру орталығында онлайн дайындалған.
«Мен үшін Juz40 білім беру орталығының жыл басында уәде еткен Hyundai Sonato автокөлігі үлкен мотивация болды. Бұйырса, аталған орталық екінші шілде күні машинаны табыстайды. Көлікті әкеме сыйлаймын»,- дейді ол.
Алтын белгі иегері, ҰБТ тапсырып жатқан қатарластарына сәттілік тіледі.
«ҰБТ тапсыратындарға сәттілік тілеймін, тек моральдық тұрғыда беріліп қалмаңдар дегім келеді. Қолдарыңнан бәрі келеді»,- деп жігерлендірді Жаннұр.
Осыған дейін Ауыл мектебінің түлегі ҰБТ-да барлық сұраққа дұрыс жауап бергені туралы жазған едік.
Естеріңізге сала кетсек, соңғы рет ҰБТ нәтижесі бойынша 140 балды Павлодар облысының талапкері 2021 жылы жинаған болатын, ал 2018 жылы Алматы қаласының талапкері жинады.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, негізгі ҰБТ басталғаннан бері 264 мың рет тест тапсырылды. Оның ішінде талапкерлердің 75%-ы қазақ тілінде, 25%-ы орыс тілінде, 197 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.
ҰБТ басталғалы шекті балды 77% талапкер жинады. Орташа балға келетін болсақ, ол 69 балды құрады.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға алты аптаның ішінде 620 талапкер қатысты.
Айта кетсек, 2024 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.
- Дереккөз: kazinform.kz
Соңғы жаңалықтар
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды
Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэймен кездесті
«Таза Қазақстан»: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді
Қазақы тазы Болоньяда өткен World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде таныстырылды

Кіру