8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Мамыр 2020 1330 0
Қалалықтар қаперіне

ҰБТ: БҚО-ДА ТОҒЫЗ ТЕСТІЛЕУ ПУНКТІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру форматы биыл өзгеріссіз. Маусым айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініштер 2020 жылдың 15 сәуірінен бастап мамырдың 10-ыншы жұлдызына дейін  онлайн қабылданды. ҰБТ облыс бойынша Ақжайық, Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Қазталов, Қаратөбе, Сырым аудандары орталығында және БҚМУ, БҚАТУ-да орналасқан тоғыз тестілеу пунктінде өтеді. Бұл туралы БҚО білім басқармасының баспасөз қызметкеркері Үміт Жәңгірова хабарлады. 

2017 жылдан бастап мектеп бітірушілермен  бірінші кезеңде – мектептерде қорытынды аттестаттау өткізіледі. Мектеп бітірушілерге арналған бұл мемлекеттік емтихан тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін, олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізіледі. Екінші кезең Ұлттық бірыңғай тестілеу, жоғары және немесе (жоғары) оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір түрі. ЖОО-ға  ақылы негізде түсу үшін жылына 4 рет өткізіледі – қаңтар, наурыз, маусым-шілде және тамыз. Ал маусым айында өтетін ҰБТ-ға мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға тапсырады.

–  Барлық тестілеу пункттерінде тестілеудің өту барысында ҰБТ  өткізу технологиясы сақталады. ҰБТ-ны айқын және объективті өткізу үшін барлық жерде металл іздегіштер, ұялы телефондардың сигналдарын тұншықтыру және бейнебақылау қондырғылары қолданылады. ҚР «Білім туралы» заңының 6-бабына сәйкес, облыстың жергілікті атқарушы органы білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады, – деді Үміт Жәңгірова.

ҰБТ ағымдағы жылдың 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтпек.

Биыл Батыс Қазақстан облысы бойына 5142 оқушы мектеп бітіреді. Олардың 4 366  ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш білдірген.

Қазіргі уақытта ҰБТ бойынша түсіндіру жұмыстары БАҚ, интернет ресурстарда,  Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде жүргізілуде. Білім басқармасының инстаграмдағы bbdo2020 парақшасында  11-cынып оқушыларына арналып ҰБТ-ға онлайн дайындық жұмыстары ұйымдастырылуда.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
361 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
446 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
503 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
515 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
565 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
304 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
788 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
816 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
767 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
718 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
762 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
945 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»