8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Сәуір 2022 2043 0
Қалалықтар қаперіне

Бизнеске қысым жасағандар қатаң жазаланады – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бизнеске заңсыз негізде қысым көрсеткен қадағалаушы органдардың өкілдері қатаң жазаланатынын ескертті.

«Біз бизнеске басымдық беріп, кәсіпкерлерді мемлекеттің шектен тыс қамқорлығынан арылтамыз. Азаматтардың табысының өлшеуіші парасатты еңбек, сыбайлас жемқорлық пен фавортизмнен адал, ашық әрі әділ бәсеке болады. Кәсіпкерліктің еркіндігін қамтамасыз етіп, қолайлы инвестициялық климат құру арқылы әр қадамын мығым басқан ұлттық буржуазиямызды қалыптастырамыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясының ХХХІ сессиясында.

Президент 2019 жылғы жолдауында бизнес туралы айтқанын еске алды.

«Қадағалаушы органдар азаматтардың мүдделерін қозғайтын нақты қылмыстарды, оның ішінде алаяқтық, қаржы пирамидалары, бюджет қаражатын жымқыру сияқты экономикалық қылмыстарды ашуға және жолын кесуге назар аударуға міндетті», – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев «жауапкершілікті сезінетін, адал бизнеске ешқандай қысым болмайтынын атап өтті.

«Егер заңсыз қысым болса, қадағалаушы органдар, құқық қорғау органдарының өкілдері қатаң жазаланады», – деді Президент.

Stan.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
85 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
64 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
76 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
145 0
Оқиға
200 – ден астам патрон табылды
12 Наурыз 2026
162 0
Оқиға
16 қылмыс ашылып, 35 адам ұсталды
12 Наурыз 2026
192 0
Мезгіл мәселесі
Права услугополучателей — главный приоритет
12 Наурыз 2026
147 0
Без рубрики
Қызмет алушылар құқығы – басты назарда
12 Наурыз 2026
151 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»