8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Мамыр 2019 1905 0
Қалалықтар қаперіне

БІРЫҢҒАЙ ЖИЫНТЫҚ ТӨЛЕМДІ SMS АРҚЫЛЫ ТӨЛЕУГЕ БОЛАДЫ

Қазпошта БЖТ-ні SMS арқылы төлеу мүмкіндігін іске қосты


           Ұлттық пошта операторы Wooppay-мен бірлесе SMS арқылы Бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлеуге мүмкіндікті іске асырды. Ұлттық компаниялардың электрондық ақша жүйесімен стратегиялық әріптестігі жақын арада SMS арқылы интернет-дүкендердің салықтарын және тауарларын төлеуді бастауға мүмкіндік береді.

«БЖТ төлемі әлдеқайда оңай және қолжетімді болды. Ұялы телефон арқылы төлемдерді жасаудың артықшылығы даусыз, ұялы телефон әрдайым қол астында, бұл уақытты және ақшаны үнемдеуге жаңа мүмкіндік. Банкке барып, кезекте тұрып, уақытты жоғалтудың қажеті жоқ. Ең бастысы – ұялы телефоныңыздың теңгерімінде ақшаның болуы», – деп «Қазпошта» АҚ-ның бизнес жөніндегі басқарушы директоры Бауыржан Айнабеков жаңа қызметтің артықшылықтарын түсіндірді.

Бүгінгі таңда осы қызметті Kcell, Activ және Beeline абоненттері пайдалана алады. Төлем жүргізу үшін 5505 нөміріне «gorodesp ИИН» (елорда, республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғындары үшін) және «seloesp ЖСН» (басқа елді мекендер тұрғындары үшін) мәтіні бар SMS-ті жолдау қажет. Теңгерімнен төлем сомасы мен 100 теңге көлеміндегі комиссия есептен шығарылады. БЖТ төлемі SMS жіберілген айда есептеледі.

SMS арқылы төлемді, банк карталарынан дәстүрлі төлеммен бірге Paypost интернет-эквайрингі қабылдайды. «Болашақ ұялы телефонның теңгерімі арқылы төлем жүргізу болатынына сөзсіз. Қазпошта осындай тәсілмен төлеуге болатын қызметтер спектрін одан әрі кеңейтетін болады. Ұялы телефон үнемі жаныңда болатын және оның көегімен өзіңнің жеке қаражатыңды басқаруға болатын шағын жинақ кассаға айналуы керек» – деді Бауыржан Айнабеков.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Жалын
Жастарға жігер берген форум
11 Желтоқсан 2025
127 0
Бәрекелді!
БҚО-да жаңа жол айрығы пайдалануға берілді
10 Желтоқсан 2025
135 0
Жалын
Әр кейіпкер – шежіре-дастан
08 Желтоқсан 2025
262 0
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
529 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
582 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
651 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
677 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
724 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
350 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
945 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
961 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
916 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»