8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Тамыз 2021 1562 0
Қоғам

БІЛІМ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ

Коронавирус инфекциясына байланысты эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында БҚО-да бірқатар қатаң карантиндік шектеу шаралары қабылданды.

Түнгі және ойын клубтарының, барлардың, кальянның жұмысына, ойын-сауық, ұжымдық, отбасылық, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салумен қатар, 24 маусымнан бастап бірқатар қатаң карантиндік шектеу шаралары қабылданды. Жабық үй-жайларда да, ашық ауада да жәрмеңкелерді өткізуге тыйым салынды.  «Ashyq»  жобасына қатысқанына қарамастан, нысандарға демалыс күндерінің локдауны енгізілді – жабық базарлар (азық-түлік және азық-түлік емес), сауналар, СПА-орталықтар, бассейндер, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары және СОО фитнес-орталықтары, қоғамдық тамақтану объектілері сенбі және жексенбі күндері жабылды.

14 шілдеден бастап жексенбі күндері, 24 шілдеден бастап сенбі және жексенбі күндері қоғамдық көлік жұмысы тоқтатылды.

«Ashyq» жобасы енгізілген сәттен бастап COVID-19-ға оң нәтижесі бар және науқастармен байланыста болған науқастар карантиндік шараларды, үйде оқшаулауды көп сақтамайтыны, адамдар көп жиналатын орындарға баратыны байқалды.

«Ashyq» қосымшасының деректері бойынша тамыз айында «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерде «сары/қызыл» мәртебесі бар 344 адам келуші арасында анықталды. Олардың ішінде ең көбі Орал қаласында тіркелді. Анықталған бұзушылықтар бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 425-бабы 1-бөлігімен 80 хаттама толтырылып, жеке тұлғаларға 3 471 230тг. мөлшерінде айыппұл салынды» деп хабарлады БҚО санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті.

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» 2021 жылғы 25 тамыздағы №36 Қаулысы күшіне енді.

Қаулы бойынша 2021-2022 оқу жылында штаттық форматта барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында педагогтар мен персоналдың 100% вакцинациялануы (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, соңғы 3 ай ішінде COVID-19 ауырған адамдарды қоспағанда) талап етіледі.  Ұйымға кіру кезінде «Ashyq» қосымшасын енгізіледі (педагогтарды, персоналды, ата-аналарды (заңды өкілдерді), 18 және одан жоғары жастағы білім алатын келушілерді QR-код (check-in) бойынша тіркеу), бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады  (мәдени, тәрбие, сыныптан тыс және ата-аналар жиналыстары және т. б.), мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіре отырып іс-шаралар өткізілмейді.

– Сонымен қатар, білім беру ұйымында коронавирус анықталған жағдайда, мысалы сыныпта (топта) COVID-19 ауруының 1 жағдайы тіркелген кезде –сынып (топ) 14 күн бойы үй карантиніне оқшаулауға жатады, ал орта білім беру ұйымында бір ауысымның 30 пайыздан астам сыныптарында COVID-19 ауруының жағдайлары 1 инкубациялық кезеңде тіркелген кезде – ауысым 14 күн бойы үй карантиніне оқшаулануға жатады, колледждерде, жоғары оқу орындарында 1 инкубациялық кезеңінде бір лек топтарының 30%-дан астамында COVID-19 ауруы тіркелген кезде – лек 14 күн бойы үй карантиніне оқшаулануға жатады, – деп түсіндірді  БҚО мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Арыспаев.

 

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
785 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»