Батыс Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жастар арасында «Экоквест» шарасы өтті
«Таза Қазақстан» тұжырымдамасын насихаттауға арналған жастар арасында шара ұйымдастырылды.

Орал қаласында өзен жағалауында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Экоквест» шарасы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының идеологиясын кеңінен насихаттау, жастар арасында экологиялық мәдениет пен жауапкершілікті қалыптастыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарау құндылықтарын дәріптеу.
Шараға қаламыздың белсенді жастарынан құрылған топтар қатысты. Іс-шара барысында алдын ала жасақталған топтар өзен жағалауларын қоқыстардан тазарта жүріп, қызықты тапсырмалар орындау арқылы сайысқа түсті.
Шараның ашылуында Сарсенбаев Нұрсұлтан Чапаевич, БҚО Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысының орынбасары:
«Бүгінгі шараның басты мәні – жастарға “Таза Қазақстан” идеясын дұрыс түсіндіру және олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру. Экологиялық мәдениет – ел болашағының сапасын айқындайтын маңызды фактор. Осы бағытта жастардың бастамаларын қолдау – біздің негізгі міндетіміз».
Квест барысында белсенді жастар өз ойларын ортаға салып, түрлі бағыттағы экологиялық мәселелердің шешу жолдарын ұсынып, ортақ талқылау алаңын құрды. Экологиялық волонтерлік, жастар жобалары мен бастамаларды қолдау мәселелері де талқыланды.
Ұйымдастырушылар мұндай шаралардың алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтіп, өңір жастарын «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы экологиялық іс-шараларға белсенді қатысуға шақырды.

Соңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жастар арасында «Экоквест» шарасы өтті
Өңірлік науқан мәреге жетті – партиялар ел бойынша сапарларын аяқтап жатыр
ЦИК: в День выборов будет открыто свыше 10 тысяч избирательных участков
Жұмыс орындары, экология, баспана және отандық өндіріс: партиялар 17 тамызда не туралы айтты?
БҚО-да Құрылтай сайлауын өткізу бойынша ұйымдастыру шаралары тиісті деңгейде жүргізіліп жатыр
ОО «Atamnyn amanaty» принимает заявки на поиск погибших и пропавших без вести солдат и офицеров в годы Второй Мировой войны
Государство не ограничивает свободу слова, а защищает ее – Аида Балаева
Өнер мен мәдениетке көрсетілген құрмет – ұлт руханиятына жасалған қолдау

Кіру