8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Қыркүйек 2020 1317 0
Қоғам

БАС ИМАМ АУЫЛДАСЫНА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

Жалпақтал мешітінің бас имамы, дінтанушы-теолог Тілепберген қажы Ахмеджанұлы баспана бабын үйлестіре алмай жүрген ауыл тұрғынына баспана сыйлады. Бұл туралы Жалпақтал ауылдық мешітінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Осы ауылда тұратын әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы Ғұбашевтар отбасы көп жылдан бері баспана тауқыметін тартып келеді. Балалардың біреуі – 1-топ мүгедегі. Отағасы Қаныбек жұмыссыз екен. Осы ретте Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының «Зекет» корпоративтік қоры атынан ұйымдастырылған «Ел үлесі – пәтерге» жобасының жүзеге асырылуына өз үлесін қосқан Тілепберген қажы Ахмеджанұлы жайлы қонысқа мұқтаж отбасыға үш бөлмелі пәтер кілтін табыс етті.

Игі  шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының  Батыс Қазақстан  облысы  бойынша  бас имамы  Мұратбек  Мұхтарханұлы, Казталов аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы  Нағым  Ризуанұлы, Жалпақтал ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы  Ғилым Шәріпұлы және аудан тұрғындары көзайым болды.

Осындай сауапты іске мұрындық болған ауыл имамының шынайы ықыласпен жасаған қайырымды қадамына қоныс иелері ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырды.

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
361 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
446 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
503 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
515 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
565 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
304 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
788 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
816 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
767 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
718 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
762 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
945 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»