8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Маусым 2021 1898 0
Қоғам

БҚО ӘКІМІ ӨҢІРДЕГІ АҚПАРАТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бүгін, 28  маусым күні БҚО әкімі Ғали Есқалиев өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Салтанатты жиында бірқатар ақпарат құралдарының қызметкерлеріне ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрінің марапаттары табысталып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған облыстық байқау жеңімпаздары марапатталды. 

– Тәулік бойы тыным таппай еңбек ететін ақпарат майданының сарбаздарының қоғамдағы алар орны ерекше. Қалам тербеген журналистер қауымы демократиялық құндылықтардың, қоғамда орын алған мәселелердің ашықтығын қамтамасыз етіп, өркениет көшінің ілгері дамуына, елдегі мәселелерін шешуге  өз үлестерін қосып келеді. Өңір журналистикасының дамуына  алдыңғы буын ардагерлердің қосқан үлесі  зор.  Батыс Қазақстан облысының ардагер журналистері салған сара жолды бүгінде кейінгі толқын абыроймен жалғастырып келеді. «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің болашағы зор» деген алаш ардақтысы Міржақып Дулатов. Осы сөзінен ғана журналистердің мамандығын біліп, тануға болады. Облысымыздағы жағымды іс жаңалықтарды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткізудегі журналистердің еңбегі зор. Проблемалық мақалаларды ашық көрсетіп, жергілікті атқарушы органдар мен халық арасында алтын көпір болып келеді. Сіздердің жазған әрбір мақалаларыңызда, дайындаған сюжеттеріңізде елдің мұңы мен мұқтажы, ой-пікірі, талап-тілегі, қоғам дамуының тынысы айқын көрініс тауып отыр. Қашанда іргелі істің басында жүретін журналистер әлем дамуына кері әсер еткен дағдарыс тұсында алдыңғы шептен табылды. Бүкіл әлемнің тынысын тарылтқан пандемия кезінде де тұрғындарға дәйекті ақпарат жеткізіп, адамзаттың амандығына қауіп төндіріп тұрған кеселді жеңуге  қосып жүрген үлестеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін.  Журналист болу үшін кәсіби біліктілікпен қоса, батылдық пен табандылық та керек. Жылдам әрі айшықты ақпараттарымен жаңалықтың жаршысы болып жүрген бұқаралық ақпарат қызметкерлерін төл мерекемен құттықтаймын. Қаламдарыңыз мұқалмай, еңбекте табысты, отбасында бақытты болыңыздар. Кәсіптеріңізге өрлеу, шығармашылықтарыңызға сәттілік тілеймін, – деді Ғали Нәжімеденұлы.   


Салтанатты  шарада ақпарат саласының дамуына елеулі үлес қосқаны үшін ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығына сәйкес бірқатар облыстық және республикалық ақпарат құралдарының өкілдері марапаттар берілді. Атап айтқанда, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен «Жайық Пресс» медиахолдингі басшысының орынбасары Ғайсағали Сейтақ, «Aqjaiyq» телеарнасы басшысының орынбасары Клара Қамбетова, «Хабар 24» телеарнасының БҚО бойынша меншікті тілшісі Ботагөз Базарбаева, «Aqjaiyq» телеарнасының аға операторы Рүстем Ищанов, «Приуралье» газеті бас редакторының орынбасары Лучия Курарару марапатталды. Ақпарат саласында ұзақ жылдар өлшеусіз еңбек еткен облыстық «Орал өңірі» газетінің арнаулы тілшісі Есенжол Қыстаубаев пен журналистика ардагері  Людмила Коринаға 
 «Еңбек ардагері» медалі, бірқатар сала қызметкеріне ҚР ақпарат және даму министрінің Құрмет грамотасы ұсынылды. 
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік  жаршысы» облыстық байқауында арнайы комиссияның шешімімен жеңімпаз атанғандар  облыс әкімінің  дипломдары және арнайы сыйлықтарымен марапатталды.  «Өңірлердің  дамуы – елдің дамуы» аталымы бойынша «Хабар 24»  телеарнасының БҚО бойынша меншікті тілшісі  Роза Сатқанова, «ТДК-42» телеарнасының журналисі Марина  Горбук, «Хабар 24»  телеарнасының БҚО бойынша меншікті тілшісі  Талғат Жұбанышев, «Даму діңгегі» аталымы бойынша «Жайық үні-Жизнь города» газетінің  тілшісі Эльмира Нұғманова, «Тәуелсіздік жетістіктері» номинациясында «Aqjaiyq» арнасының тележүргізушісі Оксана Игілікова марапатталды. Сондай-ақ «Ауыл – ел бесігі», «Біргеміз, тұтас іргеміз», «Халық және билік», «Біздің батырларымыз», «Интернет иірімі» аталымдары бойынша жеңімпаздар анықталып, марапаттары табыс етілді. 
Сонымен қатар БАҚ пен мемлекеттік органдар арасындағы қарым-қатынасты нығайту жолындағы қызметі үшін 5517 әскери бөлімінің баспасөз қызметкері Ерболат Сұлтановқа, БҚО санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің баспасөз хатшысы Әдемі  Хасановаға, БҚО білім басқармасының баспасөз хатшысы Үміт Жәңгіроваға алғыс хат берілді.
zhaikuni.kz
Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»