8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Қазан 2019 1426 0
Қоғам

БҚО-ДАҒЫ 148 МЕКТЕПТЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ПӘНДЕР АҒЫЛШЫН ТІЛІ ЭЛЕМЕНТЕРІМЕН ОҚЫТЫЛУДА

Бұл туралы облыстық білім беру басқармасы мәлімдеді.

Келешекке кемел біліммен қадам басып, әлемдік білім кеңістігінің құпияларына үңіліп, қоғамға бейім, өз қабілетін таныта алатын, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген, құзіретті тұлғаны қалыптастыру басты мақсаттардың бірі. Елбасының үштұғырлы саясаты аясында шетел тілін үйрену, оның қолданыс аясын кеңейту бүгінде өзекті мәселелердің бірі болып отыр.  Бүгінде ағылшын тілі бастауыш сыныптардан бастап оқытыла бастады. Бұл, қазіргі балалардың даму ерекшелігіне қарай дұрыс қадам. Себебі, бала жастайынан тілді базалық деңгейде білсе, болашақта кәсіби деңгейде үйреніп алуына мүмкіндік туады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен әзірленген 2015 – 2020 жылдары үш тілде білім беруді дамыту жол картасы және іс – шаралар жоспары негізінде облыс бойынша үш тілде білім беруді дамытудың 2015 – 2020 жылдарға арналған іс – шаралар жоспары дайындалып бекітілді.
Көптілді дамыту аясында ағылшын тілін ерте жастан оқыту жалғастырылуда. Үш тілде білім беруді енгізу бойынша ата – аналар, жұртшылық арасында ақпараттық – түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіледі.
Оқыту тіліне қарамастан барлық орта білім беру ұйымдарында ағылшын тілінде білім алушылардың тақырыптық үйірмелік және жобалау қызметі, білім беру ұйымдарында жазғы тіл мектебін ұйымдастыру және жүргізу 2015 – 2020 жылдарға арналған үш тілде білім беруді дамыту жол картасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылуда.
2019-2020 оқу жылында облыс бойынша 379 мемлекеттік білім беру ұйымы жұмыс жасайды(106513 оқушы). Соның 259-ы қазақ (68,33), 36-і орыс (9,49%), 84-і аралас (22,16%) мектептері.
72126 оқушы (67,71%) қазақ тілінде, ал 34399 оқушы (32,29%) орыс тілінде білім алады.
Орысша оқитын қазақ балаларының саны – 116108 (15,12%), ал 630 өзге ұлт өкілдері қазақ тілінде білім алады (0,59%).
Облыс бойынша 148 мектепте пилоттық режимде жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін ағылшын тілінде оқыту элементтері енгізілді. Онда 359 пән мұғалімдері ағылшын тілінде сабақ жүргізуде. Осы пилоттық мектептердің «Физика», «Химия», «Биология», «Информатика» пәндері мұғалімдері біліктілікті арттырудың тілдік курстарынан өтті. Сонымен қатар тиісті сертификаттары мен дипломдары бар мұғалімдерге екі базалық лауазымдық жалақы көлемінде (35000тг) қосымша ақы төленіп келеді.
Қазіргі таңда мұғалімдерді курстан кейінгі сүйемелдеу мақсатында менторлық курстар, терминология бойынша факультативтер ұйымдастырылуда.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
359 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
760 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
943 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»