8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Ақпан 2021 1543 0
Дені сау ұлт

БҚО-ДАҒЫ 13 МЕКТЕП КАРАНТИНГЕ ЖАБЫЛДЫ

8 ақпанда қол қойылып, күшіне енген облыстың бас мемлекетттік санитариялық дәрігерінің  қаулысына сәйкес, білім ұйымында коронавирустық инфекциямен 1 жағдай тіркелсе, ұйым толықтай 14 күнге жабылады. Осы қаулы негізінде 8-12 ақпан аралығында қала және аудан бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қаулысымен 13 мектеп бойынша  карантин жарияланып, кезекші сынып оқушылары уақытша қашықтан оқу форматына  ауысты. 

Бүгін, 12 ақпан күні өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған Батыс Қазақстан облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы брифингте  БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев   жыл басталғалы өңірде коронавирустық инфекциямен барлығы 2726 жағдай тіркелгенін мәлім етті. Оның ішінде  1 ақпаннан бері 889 жағдай анықталды. Аталған жағдайлар ЖРВИ белгілері бойынша тексерілген 418 адамда, жақын қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру кезінде 270 адамда, профилактикалық мақсатта тексерілген 125 адамда  және стационарларға емдеуге жатқызу алдында эпидемиологиялық қадағалау мақсатында сынама алынған 76 адамда анықталған.

1 ақпаннан бері КВИ жұқтырған науқастармен қарым-қатынастағы 1056 адам медициналық бақылауға алынды.

Соңғы аптада, 5-11 ақпан аралығындағы аурушаңдық өткен – 29 қаңтар мен – 4 ақпан аралығындағы кезеңдегі деңгеймен салыстырғанда төмендеуі байқалады.

Кәсіби құрамы бойынша  тіркелген жағдайлардың жұмыс істейтіндер мен жұмыссыздар және зейнеткерлер арасында көбірек. Бір аптада  58  оқушыдан инфекция анықталған. Медицина қызметкерлері, мұғалімдер, балабақша тәрбиешілері, студенттер, күш құрылымдары қызметкерлері арасында да тіркелуде.

 – Оқу жылы басталғалы  мектепте дәстүрлі форматта оқитын 187 оқушыда,  қашықтан оқитын 194 оқушыда COVID-19 инфекциясы анықталды. Жалпы 381 оқушы инфекция жұқтыру жағдайымен тіркелді. Оқу жылыының ұщінші тоқсаны басталғалы, яғни 11 қаңтардан бері оқушылар арасында  167 жағдай тіркелді. Олардығ 89-ы дәстүрі, 78-і қашықтан оқитындар. 8-12 ақпан аралығында қала және аудандардың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қаулысымен 13 мектеп карантинге жабылды, – деді спикер Нұрлыбек Ермекұлы.

Айта кетейік, індет басталғалы Батыс Қазақстан облысында COVID-19-дың  11 947 жағдайы тіркелді. Індеттен 9554 адам сауығып, 199 адам қайтыс болды. Өткен тәулікте, яғни 11 ақпан күні  коронавирустық инфекциямен 75 жағдай тіркелді.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
785 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»