8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Наурыз 2021 1790 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО-ДА КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ ЖАҢА ҚАУЛЫ ШЫҚТЫ

Бүгін, 12 наурыз күні «Батыс Қазақстан облысы аумағындағы карантиндік шектеу шаралары туралы» Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 08 ақпанындағы 2021 жылғы № 5 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  жаңа №7 қаулы шықты. Енгізілген өзгерістерге  сәйкес, ЅРА-орталықтар, бассейндерге жексенбі күндері жұмыс жасауға рұқсат берілді. Әрине, белгіленген талаптар сақталуы керек.    

Қаулы мәтіні төмендегідей: 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI Кодексінің 1-тармағының 4) тармақшасын, 2-тармағының 3) тармақшасын, 104-бабының 2, 3, 4, 7-тармақтарын, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V Заңының 65-бабын, «Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырудың және жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 05 шілдедегі № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығын басшылыққа ала отырып, адам өмірі мен денсаулығын сақтау және Батыс Қазақстан облысының (бұдан әрі – БҚО) тұрғындары арасында  коронавирустық инфекциясымен (бұдан әрі – КВИ) сырқаттанушылықтың таралуына жол бермеу мақсатында және БҚО аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «Батыс Қазақстан облысы аумағындағы карантиндік шектеу шаралары туралы» Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 08 ақпанындағы №5 қаулысына келесі өзгерістермен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақтың 7-тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«7)  мектепке дейінгі балалар ұйымдарында 25 баладан аспайтын топтарды жинақтау сақталған кезде кезекші топтар, №67 ҚР БМСДҚ талаптарын сақтай отырып;».

1-тармақтың 8-тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«8) сауналар (толымдылығы нысанның сыйымдылығының 50%-нан аспауы тиіс, 1 келушіге кемінде 4 ш.м есебінде), жексенбі күндері жұмыстың тоқтатылуымен.».

1-тармақ келесі мазмұндағы 17-тармақшамен толықтырылсын:

«17) ЅРА-орталықтар, бассейндер бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес (толымдылығы нысанның сыйымдылығының 50%-нан аспауы тиіс, 1 келушіге кемінде 4 ш.м есебінде), №67 ҚР БМСДҚ талаптарын сақтай отырып;».

  1. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халыққа бұқаралық ақпарат және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етілсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы қаулы қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

  

Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары              Н.Мұстаев

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»