8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Сәуір 2020 2055 0
Қоғам

БҚО-ДА ЕКІ МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ

Батыс Қазақстан облысында 2281 оқушыға орын жетіспейді. 12 мектеп апатты жағдайда.

  БҚО білім басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінде орынның жетспеуіне  байланысты өңірдегі сегіз мектепте  – Орал қаласындағы №47, №10, №20, №18, №46, Х.Доспанова атындағы №30,  Эстетикалық бағыттағы гимназия және Теректі ауданы Подстепный қазақ орта мектебінде  үш ауысымда оқу ұйымдастырылған.  Бұл мектептерде  11 356 шәкірт білім алуда. 2281 орынға тапшылық бар.

Облыстағы білім ұяларының  12-сі апатты жағдайда. Орал қаласы бойынша  қалалық №33, 31, 45, облыстық №8 мектеп, Қазталов ауданы бойынша А.Оразбаева орта мектебі, Құсайынов атындағы мектеп, Сарықұдық негізгі мектебі, Ақжайық ауданындағы М.Өтемісов мектебі, Абай атындағы гимназия, Бәйтерек ауданындағы Жамбыл негізгі мектебі, Достық орта мектебі, Жайық ауылындағы бастауыш мектептің орнына жаңа ғимарат салынуы қажет. Бұл мектептерде  4132 оқушы оқиды.

Биыл үш мектептің  құрылысы үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлінген. Нақтырақ айтқанда, Ақжайық ауданы Чапаев ауылында  100 орындық интернатымен 300 орынға  есептелген мектептің құрылысы аяқталып, апатты мектептің орнына пайдалануға беріледі. Сондай-ақ Орал қаласында 900 орындық №51 мектеп ғимарат қолданысқа беріліп, үш ауысымда оқытуды қысқартуға мүмкіндік жасалмақ.  Сонымен бірге  республикалық бюджеттен  бөлінген қаржы Қазталов ауданы Қазталов ауылында  апатты  мектептің  орнына салынып жатқан нысан құрылысына жұмсалады. Бұл мектеп 2021 жылы аяқталады деп күтілуде.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында  апатты деп танылған Орал қаласындағы №33 мектептің, Қазталов ауданы Сарықұдық ауылында 60 орындық мектептің  құрылысы басталады.

«Ауыл – ел бесігі»  бағдарламасын жүзеге асыру аясында 782,0 млн. теңгеге білім беру саласындағы төрт нысанға күрделі жөндеу жүргізіледі. Сонымен қатар «Жұмыспен қамтудың жол картасы»  бағдарламасы бойынша 28 білім ұясы күрделі жөндеуден өтеді. Оған 8 638,0 млн. теңге  бағытталады.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
361 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
446 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
503 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
515 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
565 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
304 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
788 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
817 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
767 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
718 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
762 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
945 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»