8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Қаңтар 2019 4406 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО-ДА ЕКІ КОЛЛЕДЖ «ЖОҒАРҒЫ КОЛЛЕДЖ» МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

Батыс Қазақстан облысындағы екі колледж «Жоғарғы колледж» мәртебесін алды.

Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту саласындағы мемлекеттің басты басымдықтарының бірі дуалды оқыту жүйесіне жұмыс берушілерді тарту. Қазіргі уақытта облыстағы 27 колледжде 24 мамандық және 31 біліктілік бойынша  дуалды оқыту жүргізілуде. 86 кәсіпорын мен шаруашылық субъектілерінде дуалды оқыту жүйесі бойынша 1795 студент қамтылған.

Өткен жылы 23 колледж техникалық және кәсіптік білім берудің интеграцияланған білім беру бағдарламалары бойынша білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын дайындау мақсатымен модульдік оқыту технологиясын енгізді. Интеграцияланған модульдік білім беру бағдарламаларын іске асыру мақсатында екі колледж «Жоғарғы колледж» мәртебесін алды. Олар – Жоғары аграрлық-техникалық колледж және Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж. Енді бұл колледждер қолданбалы бакалавр мамандарын даярлайтын болады.

Сондай-ақ өңірде жаңартылған білім беру мазмұнына байланысты педагогикалық кадрларды және құрылыс саласы мамандарын даярлауды жаңғырту жоспарлануда. Финдік «Collaprime Oу» компаниясы арқылы Жоғары аграрлық-техникалық колледж базасында 3D CAVE үшөлшемді кеңістігінде үлгілеу және виртуалды жобалау саласы бойынша бағдарламалық қамсыздандыру орнатты. Колледждің сегіз мұғалімі осы компанияда  тағылымдамадан өтті. Яғни 2019 жылдың қыркүйегінен бастап болашақ құрылыс саласы мамандары жаңа бағдарламамен оқытыла бастайды.

32  колледж базасында автоматтандырылған «Platonus» ақпараттық жүйесі орнатылған. 4 колледж 5 мамандық бойынша сегіз интерактивті модульмен қамтылған. «Президенттің бес әлеуметтік бастамасында» айтылған міндеттерді орындау мақсатымен Орал және Ақсай қалаларында төрт колледж салынады. Жобалық-сметалық құжаттарын дайындау үшін жергілікті бюджеттен қаржы бөлінген. Батыс қазақстан индустрияландыру колледжі, Орал политехникалық колледж, Ақсай колледжі мен БҚО жоғары медициналық колледж суденттеріне жатақхана салынады. Қазіргі уақытта шалғай ауылдардан келген студенттер үшін 20 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымында жатақхана бар. Онда 1,5 мың студент тұрып жатыр.

Бүгінде облыстағы 36 колледжде 18 598 студент 71 мамандық және 135 біліктілік бойынша оқиды. «Серпін» бағдарламасымен екі колледжде 125 студент білім алуда.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»