8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Желтоқсан 2020 1642 0
Өзек

БҚО-ДА БІР КЕШТЕ ЕКІ ТҰРҒЫН ҮЙ ӨРТЕНДІ

Кеше, 10 желтоқсанда түнгі уақытта облыс ауамағында екі тұрғын үй өртенді.

БҚО ТЖД баспасөз қызметінің  мәліметінше, өрт оқиғасының бірі Тасқала ауданында тіркелген. Түнгі сағат 23.52-де БҚО ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ № 15 өрт сөндіру бекетінің «101» байланыс телефонына БҚО Тасқала ауданының Тасқала ауылы Қ.Аманжолов көшесі, 11 мекенжайында орналасқан тұрғын үйде өрт шыққандығы туралы хабарлама келіп түсті.

Өрт салдарынан тұрғын үй кіреберісінің 30 шаршы метр шатыры жанып кетті. Өрт сөндіру қызметінің ұтымды іс-қимылының нәтижесінде көршілес орналасқан пәтерге өрттің таралу қаупі уақытылы тоқтатылған. Сондай-ақ өрт сөндірушілер бір газ баллонын шығарып, болуы мүмкін жарылыстың алдын алды. №15 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері өртті сағат 1.55-те толық сөндірді.

Екінші жағдай «Любителей природы» бау-бақша қауымдастығының №30 мекенжайы бойынша тіркелген. 90 шаршы метр алаңда жеке тұрғын үйде өрт шығып, ол сағат 23.27-де  ошағы оқшауланып, түнгі сағат 2.00-де толықтай жойылды.

Жыл басынан бері өңірде 588 өрт оқиғасы тіркелді. Оның ішінде тұрғын үй секторында 358 өрт оқиғасы орын алды. Өрттен 6 адам қаза тауып, 8 адам түрлі дәрежедегі дене жарақатын алды. Материалдық шығын 605 000 теңгені құрады.

БҚО Төтенше жағдайлар департаменті өртті болдырмау мақсатында электр сымдарының, ажыратқыштардың, розеткалардың, электр қондырғылары мен жабдықтарының жарамдылығын қадағалауды, қолдан жасалған электр қыздырғыш құрылғыларды қолданбауды, бөлмелерді жылытуға газ плиталарын пайдаланбауды, үйден шығарда газ және электр құрылғылары ажыратылғанына көз жеткізуді, жылыту пештерін уақытылы жөндеп, түтіндіктерді күйеден тазалап тұруды, сіріңкелер мен оттықтарды балалардың қолдары жетпейтін жерде сақтауды, сондай-ақ кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді.

zhaikuni.kz

 

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»