8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Қаңтар 2021 1167 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО-ДА 8 836 КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫҒА МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫ ТАҒАЙЫНДАЛҒАН

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы мамандары 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлемдерінің мөлшерінің арттырылуы туралы айтып берді.

Баланың дүниеге келуіне және 1 жасқа дейінгі күтіміне байланысты арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, Алтын алқа, Күміс алқа, Батыр ана марапатымен марапатталған көпбалалы аналарға төленетін жәрдемақы мөлшерлері АЕК өсуіне байланысты арттырылады. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап АЕК  мөлшері – 2917. Яғни қазіргі таңда 1, 2, 3 баланың дүниеге келуіне байланысты төленетін жәрдемақы 38 АЕК тағайындалады. Бұл – 110 846 теңге, ал 4 және одан көп баланың дүниеге келуіне орай төленетін жәрдемақы 63 АЕК болады. Бұл – 183 771 теңге.

Сондай-ақ егіз немесе үшем дүниеге келсе әрқайсысына бөлек тағайындалып, төленеді.

– Республикалық бюджеттен баланың 1 жасқа толғанға дейінгі оның күтіміне байланысты төлемдер баланың реттік санына қарай тағайындалады. Мәселен, 1 балаға – 16 802 теңге, 2 балаға -19 865 теңге, 3 балаға – 22 899 теңге, 4 және одан көп балаға – 25 962 теңге көлемінде төленеді. Бүгінде облыста республикалық бюджеттен баланың 1 жасқа дейінгі күтімі үшін жәрдемақы алушы – 1927 адам, – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ БҚО филиалының сарапшысы Динара Хайретдинова.

Көп балалы отбасыға  төленетін, яғни  құрамында бірге тұратын кәмелет жасына толмаған 4 және одан көп балалары, оның ішінде кәмелетке толғаннан кейін білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімінде оқып бітіргенше, яғни 23 жасқа толғанша төленетін жәрдемақы мөлшері 2005 жылдың 28 маусымындағы «ҚР Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы туралы» №63 Заңына сай былтырдан бастап отбасындағы бала санына қарай белгіленді

4 балаға – 46 760 теңге, 5 балаға – 58 457 теңге, 6 балаға – 70 154 теңге, 7 балаға – 81 852 теңге, 8 балаға – 93 344 теңге, 9 балаға  105 012 теңге төленеді. Облысымызда көпбалалы отбасы ретінде жәрдемақы алып отырған отбасы – 8 836. Оның ішінде тоғыз баласы бар үш отбасы бар.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
760 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
943 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»