8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Наурыз 2021 1726 0
Дені сау ұлт

БҚО-ДА 700-ДЕН АСТАМ ПЕДАГОГ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ

Облыста коронавирусқа қарсы вакцинациялау бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.

1 ақпаннан бастап COVID-19-ға қарсы вацинациялау басталды. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, вакцинациялаудың ІІ компоненті үш аптадан кейін жүргізіледі. Бүгінгі күнге «Гам-КОВИД-Вак» вакцинасының алғашқы партиясында екпе алған медициналық қызметкерлерге екінші компонентті егу аяқталды. 4 наурызда облысқа «Гам-КОВИД-Вак» 5 500 дозасы жеткізілген.  (Оның 3250 дозасы – І компонентке, 2250 дозасы – ІІ компонент үшін) 19  наурызда вакцинацияның 1000 дозалық мөлшердегі І компоненті жеткізілген.

– Бүгінге  дейін түскен 4250 доза бойынша 3255 адам вакцина алды. Олардың  ішінде  768-і – педагог, 199-ы – күш құрылымдарының қызметкерлері, – деп мәлім етті БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Облыста COVID-19-ға қарсы вакцинация жасау үшін 28 вакцинация бөлмесі дайындалған. Олардың жетеуі – мемлекеттік қалалық емханалар, бесеуі – жекеменшік емханалар («Медициналық орталық» ЖШС, «Медикер Ақсай» ЖШС, «Батыс АвиГип» ЖШС, «Uniserv Medical Center» ЖШС, «INTERTEACH»), сондай-ақ 15 аудандық аурухана және 1 ауылдық ауруханада («Тайпақ ауылдық ауруханасы» ШЖҚ МКК) екпе жасалады. 

 Айта кетейік, вакцинация ерікті түрде жасалады. Қазақстан Республикасының «Адамдардың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 77-бабына сәйкес кез-келген медициналық процедура, оның ішінде вакцинация тек вакцинацияланған адамның саналы келісімімен жүзеге асырылады. Қазақстанда вакцинациядан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік жоқ, кез келген қудалау заңсыз.

Коронавирустық инфекцияға қарсы  вакцина профилактикалық вакцинацияға қарсы көрсетілімдері жоқ адамдарға рұқсат етіледі. Вакцинацияның 1-ші кезеңінде температураны өлшеу, эпидемиологиялық анамнез жинау арқылы дәрігердің міндетті тексеруі жүргізіледі. Егер температура 37 °C-тан асса, вакцинация жасалмайды. Аурудың өткір кезеңдері вакцинацияға уақытша қарсы көрсеткіштер болып табылады. Вакцинациядан кейінгі кезеңдегі медициналық бақылау вакцинация алғаннан кейінгі алғашқы 30 минут ішінде және иммундаудан кейінгі келесі 3 күн бойы жүргізіледі. 

Сондай-ақ денсаулық сақтау басқармасы вакцинация бөлмелері барлық қажетті құрал-жабдықтармен, шокқа қарсы бұрыштармен, вакцинациядан кейін мүмкін асқынулар кезінде жедел көмек көрсету алгоритмдерімен, дезинфекциялау және зарарсыздандыру ережелерін сақтау шарттарымен, эпидемияға қарсы режимдермен қамтамасыз етілгенін мәлім етті. Барлық 28 егу учаскелерінде КВИ-ға қарсы вакциналарды бақылауға арналған бөлек бөлмелер бар. Арнайы бейджиктер әзірленген, вакцинацияланған адамдарға COVID-19 вакцинасы туралы жадынамалар ұсынылады.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»