8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Наурыз 2021 1339 0
Өзек

БҚО АУМАҒЫНДА БІРНЕШЕ ФУРА ЖОЛ ЖИЕГІНЕ ТҮСІП КЕТКЕН

БҚО төтенше  жағдайлар департаментінің  мәліметінше, қазіргі уақытта «Самара-Шымкент» тас жолының 490-522 шақырымында жол жиегіне түсіп кеткен 5 фура қалып отыр. Оның біреуіне техникалық ақаулығы және жол жиегінен шығаруға байланысты көмек көрсетілуде. 

8 наурызда сағат 17.30 шамасында  «Самара-Шымкент» тас жолында Ақтөбе облысына қарай бет алған фура Сырым ауданы тұсында сынған.  Көмек көрсету және эвакуациялау үшін  №14 өрт сөндіру бекеті жедел жетті. Құтқарушылар жеткен кезде «Самара-Шымкент» тас жолының 490 шақырымында 3 фура рөлге ие бола алмай жол жиегіне түсіп кеткені анықталды. Жүргізушілер эвакуациядан бас тартқан. Фураларды жол жиегінен шығару үшін көмек көрсетілуде.
«Сонымен қатар осы күні сағат 22.00-де «Орал-Тасқала-РФ шекарасы» (4-104 шақырымда Орал қаласы – РФ шекарасы) тас жолының жабылуына байланысты, Бірлік кенті шамасының 80 шақырымында жүргізушілер эвакуациядан бас тартқан 12 фура мен 3 жүк көлігі құтқарушылардың бақылауында болып, одан әрі жолға шығып кетті», – деп хабарлады БҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ сағат 23.49-да  Орал қаласы Деркул-Белес ауылдық жолында Кардон кентінің шамасында БҚО Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің күшімен қар құрсауынан 3 жеңіл көлік жолдың тазартылған учаскесіне шығарылған. Құтқарылған 13 адамның үшеуі бала.

БҚО Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарына жолдарда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді. Жолдардағы жағдай туралы ақпаратты «Дәрмен» мобильді қосымшасынан алуға болады. Құтқарушылардың көмегі қажет болған жағдайда «112» нөміріне хабарласу қажет.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»