8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Қазан 2020 1493 0
Қоғам

БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНДА ЖЕТІ ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Жобалардың жалпы құны – 123,9 млрд теңге.  Бұл ірі жобалар туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте  аудан әкімі Марат Тоғжанов айтып берді.

– Ауданымызда жеті компания жобаларын жүзеге асыруда. Олар «World Green Company», «LLY «AGRO-ENERGY» ,  «Zhaik Petroleum LTD», «134», «СП СЫРЫМ», «Батыс Трейлер», «Bayston»  жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері. Инвестициялық жобалардың бірқатары биыл іске қосылмақ. Сондай-ақ 2021, 2022, 2023 жылға дейін жалғасатындары да бар, – деді Марат Лұқпанұлы.

Атап айтқанда, Мичурин ауылдық округінде «World Green Company» ЖШС қызанақ және қияр өсіру үшін жылыжай кешенін салуда. Жобаның құны 13 млрд. теңгені құрайды. Ол биылғы жылдың соңына дейін іске қосылмақ. Рубежин ауылында «134» ЖШС жылына 30,0 млн. кірпіш шығаратын  кірпіш зауытының құрылысын жүргізуде. Жобаның құны – 1,2 млрд. теңге. Ол да жыл аяғына дейін іске қосылады.

Белес ауылында виртуалды деректерді сақтау және орналастыру орталығының құрылысы, интернет платформаларды орналастыру және қызмет көрсету, «Дата центр» Орал технологиялық паркінің есептеу орталығы ашылмақ. Қуаты 225 Мвт, құны 9,5 млрд. тенге болатын жобаны «LLY «AGRO-ENERGY» ЖШС жүзеге асырады. Сондай-ақ осы ауылда «Zhaik Petroleum LTD» ЖШС  қуаттылығы 50 мың тонна сұйық метанол және жылына 137 мың тонна дизель отынының компоненті бар сұйық метанол өндіретін зауыт құрылысын жүргізуде.   Аталған жоба құны 220,0 млн АҚШ доллары. Бұл жоба 2023 жыл іске қосылады деп күтілуде.

Январцев ауылында қуаттылығы жылына 13 мың тонна болатын көтерме тарату орталығының жеміс-көкөніс қоймасының құрылысы басталған.  2,5 млрд теңгеге есептелген бұл жобаны  «Bayston» ЖШС   2022 жылы іске қоспақ.

«Батыс Трейлер» ЖШС Махамбет ауылында қуаттылығы жылына 200 бірлік, құны 860 млн. теңге болатын  жартылай тіркеме техникасын өндіретін зауыт құрылысын жоспарлануда. Ол 2021 жыл жүзеге аспақ.

Сондай-ақ «СП СЫРЫМ» ЖШС Қазақстан мен Ресей шекарасында Самара-Шымкент тас жолы бойында «Сырым» логистикалық орталығының құрылысы  басталған. Оның құны 300 млн. теңге. Бұл орталық 2021 жылдан бастап қызмет көрсетеді.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»