8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Желтоқсан 2018 2597 0
Жалын

«ҚАЗИИТУЛЫҚТАР»  ТАҒЫ ДА  ТАҢҚАЛДЫРДЫ!

    «ҚазИИТУ» ғылым-білім кешенінің студент-жастары қалың қарды «өз күректерімен» күреп, өткен-кеткен жұртты таңқалдырды.

Өйткені,  осы оқу ордасында білім алып жатқан жастар өз ойларымен жасап шығарған жез күректерін 27-желтоқсан күні іске қосқан болатын. Олардың өз қолдарынан шыққан алып күректер (суретте) Орал қаласындағы екі бірдей ‘ҚазИИТУ’ аялдамасын, оқу кешенінің кең ауласын жəне М.Мəметова мен М.Мерəліұлы атындағы көшелерін əп- сəтте түнде түскен қалың қардан арылтты. Бұл туралы аталмыш  кешеннің белгілі қызметкері Марат Рахымбердиев айтып берді:

– Облыс əкімі Алтай Көлгіновтің 26-желтоқсан күні кешкісін «Ақжайық» телеарнасынан халыққа берген тікелей сұқбатын түгелдей тыңдап шықтым. Осы сұқбатында өңір басшысы қала тазалығына, əр тұрғынның өздері ауласын қардан тазартуы керектігіне көп тоқталды. Сұқбаттан соң маған жақсы ойлар келді. «Неге, ҚазИИТУдағы жас техниктердің өз қолдарымен жасаған темір күректерін өз көліктерімізге тіркеп, қосып, қар күремеске?!» Ертесіне бұл ойымды құрылтайшымыз Ақсерік Сарыұлына айтып едім, бірден құптай жөнелді. Сөйтіп, біз «ҚазИИТУ-дың «Hummer H3», «Нива» көліктеріне жəне  бір жеңіл автобусына күректерді жалғап, гидроверкамен қосып көрдік. Ойымыз жүзеге асты. Жылдамдығы күшті машиналарға тіркелген жез күректеріміз күртік қарларды қалағына іліп əкетті. Сөйтіп біз таза ауамен тыныстай жүріп, əрі керемет көңіл-күйге бөленіп, өз еңбегіміздің нəтижесіне көз жеткіздік. Көшедегі əрбір тұрғын жеңіл көліктермен қар күреп бара жатқан студенттерге ризашылықпен қарады. Бұл жұмысқа 120- студент білек сыбана кірісті. Олардың арасында қазіргі таңда қысқы сынақтарын тапсырып жатқандар да бар. «ҚазИИТУ» кешенінің кең ауласынан бастап, қаланың даңғарадай екі көшесін, екі аялдамасын сыпырғышпен сыпырғандай айнадай ғып тазаладық. Оқу ордасының басшылығы мен оқытушы-ғалымдары тағы бір жаңа техниканы ойлап тауып, кəдеге асырғанымызға қатты таңқалды, – дейді білікті маман Марат Қаршығалиұлы.

Иə, шынымен барша оралдықтардың назарын өздеріне аудартқан «ҚазИИТУлықтар» қала тазалығына алдағы уақытта да үлес қосып, көпке үлгі бола бермек. Ең бастысы, бұған дейін де түрлі роботтарды сөйлетіп, заманауи техниканың ғажайыптарымен елді тамсандырып, «ЭКСПО-2017» көрмесінің де төрінен табылған  «ҚазИИТУ» білім-ғылым кешенінің инновациялық тұрғыдан дамып кеткеніне таңдай қағып таңданбасқа болмайды.  Бұл да аталмыш ғылым-білім кешенінің «Цифрлы Қазақстанға» қосып жатқан зор үлесі деп білген жөн.

    

   М. ХАМЗАҚЫЗЫ

Суреттерді түсірген «ҚазИИТУ» студенттері.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»