8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Сәуір 2024 2914 0
Мезгіл мәселесі

Авторлық құқықты қорғау керек

Зияткерлік меншіктің басқа салалары сияқты авторлық құқық та адам ақыл-ойының туындыларын қорғауды қамтамасыз етеді.


Авторлық
құқықтың қолданылу аясы әдеби және көркем туындыларға қолданылады. Олардың қатарына жазба туындылары, музыка, суреттер мен мүсіндер, бейнелеу өнерінің туындылары, сондай-ақ компьютерлік бағдарламалар жатады.

Бұл сала «Авторлық құқық және сабақтасқұқықтар туралы» ҚР Заңы не Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар нормаларына сай реттеліп отырады.

Контрафактілі өнімді тарату проблемасы ел экономикасына теріс әсер етеді: салықтың түспеуі, нарыққа сапасыз өнім жеткізу және тағы басқалар.

Зияткерлік меншік объектілерін жасаудан гөрікөшіру оңайырақ. Яғни туындыны ойлап шығарудан автордың рұқсатынсыз ұрлық түрде көшіріп шығару оңай. Роман, музыкалық шығарма немесе компьютерлік бағдарлама жасау үшін көптеген айлар, тіпті жылдар қажет болуы мүмкін.

Заманауи технологиялар санаулы секунд ішінде зияткерлік меншік болып табылатын өнімдерді көшіруге және бүкіл әлемге таратуға мүмкіндік береді. Авторлық құқық мұндай өнімдерді оларды жасаушылардың рұқсатынсыз көшіруге және таратуға жол бермей қорғауға арналған.

Дамушы елдер үшін авторлық-құқықты қорғаудың артықшылықтары мәдени және экономикалық сипатта болады. Шынымен де, авторлық құқықтың мәдениетке қатысы бар екенін ұмытпауымыз керек. Барлық дамушы елдер өте үлкен көркемдік әлеуетке ие. Әлемде шығармашылықпен айналыспайтын халық жоқ, бірақ авторлық-құқықты қорғамай, шығармашылықтың көмегімен табыс табу мүмкін емес.

Бүгінде авторлық құқық әдеби және көркем шығармаларды ғана емес сонымен қатар ақпараттық-технологиялық саланы, бейнеойындарды, нақтырақ айтқанда компьютерлік бағдарламалауды қамтиды.

Компьютерлік бағдарламаны, фильмді немесе телевизиялық бағдарламаны жасауға көп қаржы салынуы мүмкін. Бірақ нарықта бір дана пайда болған соң оны кез келген адам көшіре алады. Нәтижесінде пайда табу жолы жоғалады. Бұл жағдайда шетелдік және жергілікті туындыларды қорғауды қамтамасыз ету керек, өйткені елге қаржы ағынын әкелуге мүмкіндік береді.

Бағдарламалар электрондық есептеу машинасы заңмен қорғалған, мысалы, әдеби шығармалар сияқты, және әрқайсысының өз авторлары бар, олар ҚР Заңдарына сүйене отырып, өз құқықтарын сенімді қорғайды.

Досхан ИШАНБЕРГЕНОВ, БҚO Әділет департаментінің бөлім басшысы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»