8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Қыркүйек 2024 3958 0
Қалалықтар қаперіне

Қарасора өсіруге арналған фитолабораторияны тапты

Өңірде жүріп жатқан «Қарасора» және «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Приурал Пб криминалдық полиция қызметкерлері Дариян ауылында қарасора өсіруге арналған фитолаборатория тапты.


Мұндай іске барған сол ауылдың тұрғыны екені анықталып, ұсталды. Ол өзінің тұрғылықты жерінде екі бөлмелі пәтерде осы іспен айналысқан.

Тінту барысында полиция қызметкерлері арнайы өсірілген 3 түп қарасораны тәркіледі. Лаборатория арнайы жабдықтармен: қарасора өсіруге арналған жарық және диод шамдары, термометр, желдеткіштер, ылғалдылықты өлшеу құралымен жабдықталған.

Сондай-ақ, жоғарыда аталған үйдің ауласының гаражынан полиэтилен пакетке салынған өсімдік тектес зат алынып, тәркіленді. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде. Жауап алу барысында ол өз үйінің жатын бөлмесінде қарапайым ағаш шкафтан фитолаборатория жасағанын айтты.

Сонымен қатар, полицейлер есірткіні заңсыз сақтаудың үш фактісін анықтады.  Мәселен, Бәйтерек ауданы тұрғынының пәтерінен ақ ұнтақ зат табылып, тәркіленді.

Сондай-ақ, Теректі ауданында санкцияланған тінту жүргізу барысында екі тұрғынның мекен-жайынан ерекше иісі бар есірткі заты табылып, тәркіленді. Мәселен, 1969 ж.т. аудан тұрғынының үйінің ауласынан арнайы иісі бар 3 газет орамасын тапты. Сараптама қорытындысына сәйкес ол жалпы салмағы 27,62 грамм «кептірілген марихуанна» екені белгілі болды. Тағы бір тұрғынның шаруашылыққа арналған құрылысынан жалпы салмағы 48.25 грамм «кептірілген марихуанна» есірткі заты табылып, тәркіленді.

Жоғарыда аталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Тергеу жүргізілуде.  Айта кету керек, Батыс Қазақстан облысында «Орал-есірткісіз қала!» бағдарламасы аясында кең көлемді жұмыстар жүргізілуде.

БҚО ПД баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»