8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
31 Мамыр 2019 1654 0
Қалалықтар қаперіне

АПАТТЫ ЖОЮ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛА КЕЛДІ

Оралда №19 А кәріздік сору стансасының маңында болған апат орнында қалпына келтіру жұмыстары жүруде. Қала әкімдігі өкілдері бүгін іңір түскенше су берілетініне сендіреді.  

Құбыр апаты салдарынан су тоқтатылған аудандарға жедел түрде су жеткізу шаралары ұйымдастырылды. Нақтырақ айтқанда, қаланың солтүстік-шығыс бөлігі бойынша 6 учаскеде су жеткізу орындары белгіленген. Бүгін тағы бір учаске анықталып, «Айгүл» ауданына да су тасу ұйымдастырылған.

– Кеше таңғы 8.00-ден түнгі 1.00-ге дейін су жоқ аудандарға 30 мың текше метр су жеткізілді. Су тасуға 15 автокөлік жұмылдырылды. Үлкен су тасу көліктері бекітілген мекенжайларда тұрған көліктерге кесте бойынша су құйып тұрады. Яғни, бекітілген орындарда судың үзіліссіз берілуі үшін жағдай жасалуда. Бүгін де қажеттілікке байланысты халық сумен қамтылғанша су жетікізілетін болады, – деді қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Миржан Нұртазиев.

Уақытша туындағын келеңсіздікке халық та түсіністікпен қарауда.

– Әрине, үйімізге келіп тұрған судың айырылғаны қиындық тудырды. Дегенмен, әкімдікиің қоңырауымызға үн қатып, су жеткізуді ұйымдастырғанына ризамыз. Кеше жеке кәсіпкер өз құдығынан су алуға мүмкіндік берді. Ал бүгін үйіміздің жанына су көлігі келіп тұр. Судан тапшылық көріп отырғанымыз жоқ, – дейді «Айгүл» ауданындағы Матросов көшесі 50-ші үйінің тұрғын Гүлден Ұсабаева.

Апат орын алған аймақтан құбыр сыртына жайылған 5500 текше метр көлеміндегі  ағын су сорылған. Мамандардың сөзінше, Деркөлде бұл құбыр осыдан он жыл бұрын, яғни 2009 жылы орнатылған. Дегенмен, шыны пластик материалдан жасалған құбыр сапасыз болып, салдары осындай қолайсыздыққа әкеліп тұр.

– Бүгінде №19А кәріз сорғы стансасы маңындағы құбырды ауыстыру туралы жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, конкурс жарияланды. Мердігер анықталған соң №19 А кәріз сорғы стансасынан кәріз суын тазарту құрылымына дейінгі 7,5 шақырымдық аралық полиэтилен материалды құбырға ауыстыралатын болады. Жоба құны – 3 млрд. теңге көлемінде, – деп толықтырды Миржан Жанғазыұлы.

Қазіргі уақытта «Батыс су арнасы» ЖШС жұмысшылары апатты жою жұмыстарын аяқтай келді. Істен шыққан құбырдың орнына уақытша металл құбырлар орнатылуда.

– Апатты жою жұмыстарын жүргізудеміз. Бүгін кәріз жүйесі іске қосылады. 6 метрлік құбырды ауыстырдық. «Батыс су арнасының» жұмысшылары екі тәулік бойы үздіксіз жұмыс жасады. 12 техниканы жұмылдырдық. Кешке дейін жұмысты аяқтауды көздеп отырмыз, – деді «Батыс су арнасы» ЖШС-ның кәріздік жүйелер және құрылысы қызметінің басшысы Талғат Мүсілімов.

Кәріз құбыры жалғанысымен, яғни бүгін тұрғын үйлер мен нысандарға су берілетін болады.

Еске сала кетейік, 29 мамыр күні кешкісін Деркөл елдімекені аумағындағы №19 А кәріз сорғы стансасы  маңындағы құбыр істен шығып, ірі апат орын алған болатын.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»