8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Ақпан 2019 1879 0
Қалалықтар қаперіне

ҚАЛЫҢ ҚАРДАН ҚАУІП БАР

Биыл қар мөлшері жылдағыдан көп түсті. Сол себепті қала бойынша барлық техника күндіз-түні қарқынды түрде қардан тазалау жұмыстарына жұмылдырылған. Синоптиктер бір аптадан соң күн күрт жылынады деп болжап отыр. Ал, төтеншеліктер су тасқыны қаупі жоғары екенін айтып, дабыл қағуда.

 

Осы орайда бүгін облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев пен қала әкімі Мұрат Мұқаев қаланың көктемде су басу қаупі басым аудандарын аралап, қар тазалау жұмыстарын қадағалады.

– Қала бойынша өткен жылдың қараша айынан бастап 250-дей техника қар тазалау жұмыстарымен айналысуда. Бұл жұмысқа Оралдағы ірі мекеме-кәсіпорындардың техникалары тартылды. Қардың мол түсуіне байланысты оны тасымалдау шаралары күндіз-түні жүргізілуде. Салыстыра айтатын болсақ, биыл өткен жылдан 8 есе көп қар шығарылды. Бұл бұрын соңды болмаған жағдай.  Биыл алғаш рет шатырлардың қарын аршуда альпинистердің көмегіне жүгіндік. ПИК-тердің де басым көбісі өз жұмыстарын жоғары атқаруда, дегенмен кейбірі міндеттерін дұрыс атқармай отыр. Қаланың тазалығын сақтау ережесіне сәйкес, 134 материал толтырылып, 10 шақты ПИК-ке құқықбұзушылық Кодексінің 505-бабы бойынша айыппұл салынып, жауапқа тартылды. Әрі қарай жұмыстары қадағаланады. 32 су тасқыны қаупі бар аумақта қарқынды жұмыстар атқарылуда. Әр адам өз аулаларын қардан тазалауы керек. Қазір қалада ұзындығы 92 шақырым арықтар болса, соның 50 пайыздан артығы аршылды. Ең бастысы су келген кезде арықтар таза болуы керек, – деген қала әкімі Мұрат Мұқаев тұрғындарды өз аулаларын уақытылы қардан тазалауға шақырды.

Өз жұмысына салғырттық танытып, айыппұл арқалаған «Домуправ» ПИК-інің төрағасы Қуаныш Танаманов кооперативке қарасты 30-үйдің он бесінің айналасын, шатырын қардан тазалағандарын жеткізді.

– Демалыссыз жұмыс істеп жатырмыз. Өйткені қар көп. Екі күн бұрын айыппұл салды. Бес адам жұмыспен қамту орталығынан көмекке шақырдық, – деген ол жұмыс күші жетіспейтінін алға тартты.

Сондай-ақ төтеншеліктер үйлерді аралап, су тасқыны қаупі мен оның алдын алу туралы жадынамалар үлестіруге кірісті.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
782 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
763 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»