ҚАЛА БЮДЖЕТІ – 44 633 847 МЫҢ ТЕҢГЕ
Бүгін Орал қалалық мәслихатының 30-кезектен тыс сессиясының күн тәртібінде шаһардың 2019 жылға арналған бюджеті нақтыланды. Сессия жұмысына қала әкімінің орынбасары Бекжан Тоғжанов және қалалық мәслихат депутаттары мен құрылымдық бөлімше басшылары, Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

Орал қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Альмира Төлегенова 2019 жылға Орал қаласының бюджетін 5 473,4 млн. теңгеге көбейтуді ұсынды. Республикалық бюджет бойынша азаматтық қызметкерлердің жекелеген санаттарына еңбекақыны арттыруға артық бөлуіне байланысты 266,3 млн. теңге сомасында қаражатты қайтару көзделген. Облыстық бюджет қаражатынан 2 292,0 млн.теңгеге «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру шеңберінде тұрғын үйлер мен инженерлік коммуникациялардың құрылысына, 340,6 млн. теңгеге қала жолдарын жөндеуге, 221,8 млн. теңгеге аула аумақтарын абаттандыруға, 61,8 млн. теңгеге қалалық жылу электр орталығында турбоагрегат пен градирняларды қайта жаңарту бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге, 647,3 млн. теңгеге оқулықтар сатып алуға, 57,5 млн. теңгеге жұмысшы кадрларды оқытуға және жұмысқа орналастыруға трансферттер қарастырылды.
Сол секілді қаланың солтүстік-шығыс бөлігіндегі тұрғын үй массивін газбен жабдықтауға – 31,2 млн. теңге, жолаушылар тасымалын субсидиялауға – 20,0 млн.теңге, жол-көпір шаруашылығын ұстау және жарықтандыруға – 316,0 млн. теңге, тұрғын үйлерді жаңғыртуға – 68,1 млн. теңге, білім беру объектілерінің ағымдағы шығыстары – 280,8 млн.теңге, әлеуметтік қорғау, жастар саясаты және спорттық іс-шаралар өткізуге – 158,0 млн.теңге, мәдени нысандарды ағымдағы жөндеуге – 16,0 млн.теңге, цифрландыру шеңберінде іс-шаралар өткізуге – 20,0 млн.теңге, жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге және аяқтауға, оларды сараптауға – 81,1 млн.теңге бағытталған.
Бұдан басқа, Зачаганск кентіне Жәңгірхан көшесі 13-үй бойынша аула аумағын абаттандыруға 7,5 млн. теңге сомасында трансферттер қарастырылған. Белгіленген өзгертулер есебімен қалалық бюджет 44 633 847 мың теңгені құрайтын болды.
Сондай-ақ Зашаған кентіне бөлінген 12 млн. 297 мың теңгеге балалар ойын алаңдары салынып, 25-Чапаев дивизиясы мен Саратовская көшелері күрделі жөнделмек және спорт алаңын орнатуға жобалар бойынша сараптама жүргізіледі. Круглоозерный кентіне – 1 млн. 238 мың теңге, Желаев селолық округіне – 165 мың теңге аппараттың шығындарына қарастырылған. Белгіленген өзгертулер есебімен Орал қаласының кенттері мен ауылдық округінің бюджеттері 537 млн. 373 мың теңгені құрады. Депутаттар қалалық бюджетке ұсынылған өзгертулерді бірауыздан бекітті.
Сессия барысында қалалық мәслихаттың «Орал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізіліп, Орал қаласы Қоғамдық кеңесінің құрамы бекітілді.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды
Digital Nauryz: БҚО-да Амал мерекесіне орай цифрлық құттықтау ұйымдастырылды
Ата заң жобасы – азаматтармен адами қарым-қатынас түзудің жарқын көрінісі
Қонаевтағы дрон-шоу: Қазақстан картасы, референдумға шақыру және Наурыз мерекесімен құттықтау
Бүгін үгіт аяқталады: ОРК референдум алдындағы заң талаптарын еске салды
Орталық референдум комиссиясы комиссиялардың референдумға толық дайын екенін мәлімдеді
Жаңа Конституция жобасы – адам құқығы мен бостандығының кепілдігін күшейтуге бағытталған

Кіру
Пікір үстеу