8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Тамыз 2026 49 0
Қалалықтар қаперіне

«АҚЖАЙЫҚТА» ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮЙЕЛІ ЖАЛҒАСУДА

Оралдың жаңа шағынаудандарының біріне айналып келе жатқан «Ақжайықта» тұрғын үй құрылысы кезең-кезеңімен жүргізілуде. Мұндағы баспана құрылысының барысын облыс әкімі Нариман Төреғалиев арнайы барып көріп, мердігерлермен атқарылған жұмыстарды талқылады.

 

Жалпы жоба аясында баспана кезегінде тұрған азаматтарға арналған 12 аумақта 1200 пәтерлі 14 көпқабатты үй салу көзделген. Құрылысқа бүгінде 8 компания тартылған. Жоспарға сәйкес, жыл соңына дейін 684 пәтерді қамтитын 9 тұрғын үйді ел игілігіне беру міндеті тұр.

Қазір бірнеше нысанда құрылыс жұмыстары қатар жүріп жатыр. Бес қабатты үйлердің сәулеттік келбетіне де ерекше мән берілген. Ғимараттардың сырты фиброцементтік панельдермен қапталып, заманауи талаптарға сай әрленеді. Шағынауданға қажетті инженерлік желілердің тартылуы да қамтамасыз етілген.

Нысандарды аралау кезінде облыс әкімі пәтерлердің ішкі жай-күйімен танысып, құрылысшылармен пікір алмасты. Жауапты мамандарға жұмыстардың сапасын төмендетпей, белгіленген кестеден ауытқымау қажеттігін жеткізді.

«Ақжайықтың» дамуы тұрғын үймен ғана шектелмейді. Болашақта шағынауданда тұрғындарға қажетті әлеуметтік және қоғамдық инфрақұрылым қалыптасады. Жоспар бойынша мұнда барлығы 60 әлеуметтік нысан бой көтермек.

Олардың қатарында 70 көпқабатты тұрғын үймен бірге 4 балабақша, 3 мектеп, аурухана, перинаталдық орталық және 12 мың көрерменге арналған стадион бар. Осылайша жаңа шағынаудан уақыт өте келе тұрғын үй массивінен толыққанды қалалық ортаға айналмақ.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Атом электр станцияларында радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи жүйелері
20 Тамыз 2026
39 0
Спорт
ТАТАМИДЕ ТОП ЖАРҒАНДАР
20 Тамыз 2026
45 0
Заң және тәртіп
ҚАУІПСІЗ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ – БАСТЫ БАҒЫТ
20 Тамыз 2026
50 0
Қалалықтар қаперіне
«АҚЖАЙЫҚТА» ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮЙЕЛІ ЖАЛҒАСУДА
20 Тамыз 2026
49 0
Инфрақұрылым
Қала жолдары кезең-кезеңімен жөнделуде
19 Тамыз 2026
93 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар ұсынысы – жаңа жобаның негізі
18 Тамыз 2026
124 0
Қалалықтар қаперіне
Орал көшелеріндегі жол белгілері жаңартылуда
18 Тамыз 2026
129 0
Қалалықтар қаперіне
Оралда жылыту маусымына дайындық күшейтілді
18 Тамыз 2026
124 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамыз!
18 Тамыз 2026
126 0
Қалалықтар қаперіне
Қала келбетін көркейтуге жаңа қадам
18 Тамыз 2026
121 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»