Басты саяси пікірсайыс қалай есте қалды?
«24KZ» телеарнасының тікелей эфирінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының тапсырысы бойынша ұйымдастырылған «Басты дебат – 2026» телепікірсайысы өтті.

Ауқымды шара елдегі көп партиялылықтың жоғары деңгейін және сайлау алдындағы бағдарламалар арасындағы бәсекелестікті көрсетті. Бұл – ел тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлауы алдындағы қорытынды телевизиялық пікірсайыс.
Жобаның айрықша мәртебесін оған қатысушылардың құрамы да айқын көрсетті. Пікірсайыс алаңында Қазақстанда тіркелген барлық жеті саяси партияның басшылары бас қосты: «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясының төрағасы Дания Еспаева, Қазақстан Халық партиясының төрағасы Нұрсұлтан Шоқанов, «Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Асхат Рахымжанов, «Respublica» партиясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаров және «Baytaq» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев.
Пікірсайыс барысында эфир алаңында регламенттің сақталуы және қатысушыларға сөз сөйлеу үшін тең мүмкіндіктердің берілуі Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүйіндік тарапынан жүргізілді.
Пікірсайыс басталар алдында эфирде оған қатысушы жеті партияның барлығының сайлауалды штабтарынан тікелей қосылымдар ұйымдастырылды. Сонымен қатар Агенттіктің АҚШ, Қытай және БАӘ елдеріндегі меншікті тілшілері еліміздегі саяси өмірге белсенді қызығушылық танытып отырған отандастармен телекөпір өткізді.
19:00-де арнайы бағдарламадан бастау алған «Басты дебат» заманауи технологияларды, қызу пікірталастарды, халықаралық телекөпірлер және партия жақтастарының шынайы эмоцияларын үйлестірген ауқымды пікірталас алаңына айналды.
Экранның ар жағындағы көрермендерге де саяси бәсекеге тікелей қатысуға мүмкіндік берілді. Сайлаушылар өздерін толғандырған сұрақтарын QR-код арқылы партия көшбасшыларына жолдаса, ал байланыс орталығына келіп түскен өтініштер эфирде жарияланды. Нәтижесінде ел азаматтарынан 59 мыңға жуық сұрақ келіп түсті.
Көрермендер саяси бәсекені «24KZ» телеарнасының тікелей эфирінен, сондай-ақ арнаның YouTube, Telegram, TikTok, Facebook және Instagram желілеріндегі ресми аккаунттарынан онлайн режимде тамашалады.
Пікірсайыс барысында жеті саяси партияның басшылары мемлекетті дамыту, экономикалық саясат, әлеуметтік сала және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру бағыттары бойынша өз ұстанымдарын таныстырды.
Ашық пікірталас саяси платформаларды салыстыруға, ортақ тұстарды анықтауға және мемлекеттік саясаттың негізгі мәселелеріне қатысты партиялардың ұстанымдарындағы түбегейлі айырмашылықтарды көруге мүмкіндік берді.
Пікірсайыстың мазмұнды кезеңдерінің бірі – азаматтардың тікелей сұрақтарына арналған раунд болды. Сауалдар тек ел азаматтарынан, сондай-ақ шетелден, оның ішінде Бельгиядан сұрақтар жолданды.
Қорытынды раундта барлық жеті партияның көшбасшысы сайлаушыларға үндеу жасады. Әр партия төрағасы өз бағдарламасының негізгі тұжырымдарын атап, тарихи дауыс беру қарсаңында азаматтарға тікелей үн қатуға мүмкіндік алды.
«Басты дебат – 2026» телепікірсайысын төмендегі сілтеме арқылы көруге болады:
https://www.youtube.com/live/rEwlDpfZFxQ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?
ЦИК: на избирательных участках созданы все условия для лиц с особенными потребностями
Атом электр станцияларында радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи жүйелері
Қазақстанның атом саласын дамыту – энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс
Батыс Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жастар арасында «Экоквест» шарасы өтті
Өңірлік науқан мәреге жетті – партиялар ел бойынша сапарларын аяқтап жатыр
ЦИК: в День выборов будет открыто свыше 10 тысяч избирательных участков
Жұмыс орындары, экология, баспана және отандық өндіріс: партиялар 17 тамызда не туралы айтты?
БҚО-да Құрылтай сайлауын өткізу бойынша ұйымдастыру шаралары тиісті деңгейде жүргізіліп жатыр
ОО «Atamnyn amanaty» принимает заявки на поиск погибших и пропавших без вести солдат и офицеров в годы Второй Мировой войны

Кіру