8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Тамыз 2026 268 0
Заң және тәртіп

ҚАУІПСІЗ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ – БАСТЫ БАҒЫТ

Өңірде кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы шаралар күшейтілмек. Бұл мәселе облыстық прокуратурада өткен ведомствоаралық кеңесте кеңінен талқыланды. Жиынға облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысты.

 

Кездесуде мектептердегі қауіпсіз ортаны қалыптастыру, буллингке жол бермеу және балаларға төнуі мүмкін қауіп-қатерлерді ерте кезеңде анықтау мәселелеріне назар аударылды. Жаңа оқу жылында облыс мектептерінде 128 мың бала білім алады. Олардың қауіпсіз ортасын қалыптастыру үшін 328 білім беру ұйымында «ДосболLIKE» және KiVa бағдарламалары іске қосылған. Бұл бастамалар 122 мыңнан астам оқушыны қамтып отыр.

Балалардың психологиялық жағдайын бақылау және тәуекелдің алдын алу да маңызды бағыттардың бірі ретінде белгіленді. Осы мақсатта суицидтік мінез-құлыққа әкелуі ықтимал факторларды анықтау және тиісті мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын үйлестіру тәртібі бекітілген. Мұндай жүйелі тәсіл қауіпті жағдайларға дер кезінде әрекет етуге мүмкіндік береді.

Қауіпсіз орта қалыптастыруға арналған «Қауіпсіз өңір» жобасы шеңберінде мектептерге іргелес аумақтарға да мониторинг жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде Оралдағы 16 мектептің айналасындағы инфрақұрылымды жақсарту қажеттігі анықталған. Қазіргі уақытта аталған білім беру ұйымдарының барлығына қосымша жарықтандыру орнатылды.

Жиында балалардың қауіпсіздігін цифрлық құралдар арқылы бақылауға мүмкіндік беретін BalaQorgany Ai платформасы таныстырылды. Жаңа жүйенің мүмкіндіктерін тәжірибе жүзінде бағалау үшін оны Орал қаласы мен Бәйтерек ауданындағы білім беру ұйымдарында сынақтан өткізу туралы меморандумға қол қойылды.

Облыс әкімі балалардың қауіпсіздігін бір ғана мемлекеттік органның міндеті ретінде қарастыруға болмайтынын атап өтті. Бұл бағытта білім беру ұйымдары, ата-аналар, құқық қорғау органдары және жергілікті атқарушы құрылымдар өзара тығыз жұмыс істеуі қажет.

Кеңес соңында жауапты мекемелерге қауіпсіздік талаптарын күшейту, алдын алу шараларын жүйелеу және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға бағытталған жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
81 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
77 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
133 0
Құттықтаймыз!
19 қазан – Құтқарушылар күні!
19 Қазан 2026
170 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»