«АҚЖАЙЫҚ» ШАҒЫНАУДАНЫНА САЛЫНАТЫН КӨПІР ҚҰРЫЛЫСЫНА ҚАТЫСТЫ ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРЫЛДЫ
Бұл туралы бүгін қала әкімдігі хабарлады.

«Техникалық себептерге байланысты «Сыдықов көшесінен Ақжайық шағын ауданына дейінгі көпір арқылы автомобиль жолының құрылысы» нысаны бойынша 4 желтоқсан сағат 11: 00-дегі қоғамдық тыңдау 6 желтоқсан 17.00-ге қалдырылатынын хабарлаймыз» делінген қала әкімдігінен түскен хабарламада.
Бұған себеп – бас жобалаушы «Алматыдорпроект» ЖШС-ның Алматыдан келе алмауы болып отыр.
Айта кетейік, алғашқы қоғамдық тыңдау кезінде таныстырылған жобада көпір құрылысын жүргізу үшін қалалық мәдениет және демалыс саябағындағы 1480 ағаштың кесілетіні айтылған еді. Нақтырақ айтқанда, саябақ аумағындағы жалпы 0,20 гектар аумақтағы 214 ағаш пен Шаған өзені бойындағы 1266 ағашты кесіп, орнына 7500 көшет отырғызу жоспарланды. Сонымен қатар 4 жеке үй сүріліп, орнына ақшалай өтемақы немесе басқа үй ұсыну көзделген болатын.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Кіру
Пікір үстеу