8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Қазан 2019 3653 0
Қоғам

АҒА БУЫН ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ

          1 қазан – саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын өкілдерінің төл мерекесі. Осы күні қаладағы Жастар мәдениет үйінде қайырымдылық айлығына арналған «Жақсылық сыйла!» атты мерекелік концерт өтті. Мерекелік   шарада еліміздің өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып,  денсаулық сақтау, білім, мәдениет, экономика, құрылыс өзге де салаларда тер төгіп еңбек еткен ардагерлерді қала әкімі Абат Шыныбеков құттықтады.   

– Құрметті ардагерлер, аға буын өкілдері!  Сіздерді бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке өте мағыналы, маңызы бар мереке деп білемін. Себебі тәжірибесі мол аға буынның өмір жолы біз үшін аса құнды дүние. Саналы ғұмырыңызды ұрпақ тәрбиесі мен халқына адал қызмет етуге жұмсаған Сіздер сабырлылық, қарапайымдылық, мейірімділік пен еңбексүйгіштік, Отанға, отбасына деген адалдықтың үлгісісіздер. Сондықтан xалқымыз ертеден-ақ үлкенге құрмет көрсетуді өсиет етіп, ұрпақтар арасындағы сабақтастыққа, үйлесімге ерекше мән берген.
Қаламызда қарияларымыздың әлеуметтік жағдайларын жақсарту мақсатында көп жұмыстар атқарылып, сіздердің экономикалық, қоғамдық, мәдени, рухани өмірге белсене араласуларыңызға қолайлы жағдай туғызылуда. Осы ретте, әлеуметтік жағынан аз қамтылған қарт адамдар, жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектер мүддесі, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету мәселелері басты назарда ұсталып келеді.
Бүгінгі күн Сіздердің алдарыңызда мәңгі қарыздар екендігімізді тағы бір есімізге салғандай болады. Бүгінгі ұрпақ үшін жасаған бар жақсылықтарыңыз үшін аға ұрпақ өкілдерінің алдында бас иеміз.
Сіздерге зор денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй, отбасыларыңыз бен замандастарыңыз арасында атап өтетін мереке күндері көп болсын деп тілеймін. Еліміз тыныш, жұртымыз аман, қарияларымыз ұзақ жасасын, – деді шаһар басшысы Абат Абайұлы.

Кеш барысында Аслан, Жасұлан Зинеденовтер  «Аға мен іні», Рүстем, Мансур Кереевтер  «Әке мен бала» әндерін  тамылжыта шырқап, қариялардың көңілін бір сергітсе,  «Ағалар әуені»  Е.Хасанғалиевтің «Айналдым елім»,  Зияш Аманғалиева «Бастапқы ән» әндерін әуелетті.  «Салтанат» би ансамблі мың бұралған билерімен таңдай қаққызды.  Әрбір   адамның   жүрегінде  үлкенге   деген   кішіпейілділік   мол   болса,   мемлекетіміздің   әл-ауқаты, халықтың   рухани   байлығы   жоғарылай   түсетіні сөзсіз.  Бұл күнгі шара  «Өсетін  елдің  қарты – қазына болар» дегендей, осындай  алдыңғы  аға буын барда  бүгінгі  жас  ұрпақтың   болашағы   зор   екенін дәлелдей түсті.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА


   

 

 

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»