ТАЗАЛЫҚ – ИМАННЫҢ ЖАРТЫСЫ
Осы ұстаныммен Орал қалалық «Тәжиден Батырұлы» атындағы мешіт жамағаты мен шәкірттері сенбілікке шықты.

Қатысушылар санитарлық тазалық жүргізіп, ғибадат үйінің ауласына ағаш көшеттерін отырғызды.
– Алланың Елшісі Мұхаммад (с.а.у) адамдар жүретін жолдың үстін, тынығатын көлеңкелерде, әсіресе жемісті ағаштардың маңайларын ерекше таза ұстауға шақырып, сахабаларға: «Екі түрлі қарғыс арқалаудан сақ болыңдар!» дегенде, олар: «Иә, Алланың елшісі! Екі қарғыс алушы дегеніңіз кімдер?» – деп сұрайды. Ол: «Адамдар жүретін жолға немесе тынығатын көлеңкеге дәрет сындырушы, ластаушы, бүлдірушілер» – деу арқылы қоғамдық орындарды таза ұстауға шақырған, – деген мешіттің наиб имамы Наурыз Убаев асыл дінімізде тазалыққа қаншалықты мән берілетінін жеткізді.
Қоршаған ортаның тазалығы сол елді-мекендегі тұрғындардың мәдениетінен хабар береді. Демек, жамағат жиі бас қосатын Алла үйінің таза болуы кім-кімге де міндет.

Орал қалалық «Тәжиден Батырұлы» атындағы мешітінің баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
ӨЗ САЙЛАУ УЧАСКЕҢІЗДІ ҚАЛАЙ ОҢАЙ ТАБУҒА БОЛАДЫ? ОНЛАЙН-СЕРВИС ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
БҚО-да жол қозғалысы ережесін сақтамаған жүргізуші жауапқа тартылды
160 мың мұғалімге ChatGPT Edu: теледебаттың басты тақырыбы – білім мен жасанды интеллект
Әдеп жөніндегі кеңесте білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
«Сайлау-2026: жаңа саяси конфигурациядағы өңірлер» тақырыбында «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» ұлттық сарапшылық алаңының отырысы өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?

Кіру
Пікір үстеу