ЖАРАҚАТПЕН КЕЛГЕНДЕР САҒАТТАП КЕЗЕК КҮТЕДІ
Маман тапшылығы облыстық клиникалық аурухананың жарақат бөлімінде көптен байқалып жүрген мәселе. Әсіресе, биылғы қыста ауа-райының сан құбылуынан көк мұзға тайып, қол-аяғын майып қылғандардың ұзын-сонар кезекке тұрған күндері аз емес. Бұл, «маусымдық жағдай» деп түсіндіреді мұндағы дәрігерлер. Дегенмен, алған жарақаты жанын қинағанда күтудің өзі ауруды еселеп жібереді емес пе?!

Облыс орталығында жаңа қалалық көпбейінді аурухананың ашылғанын бәріміз жақсы білеміз. Сондықтан шұғыл қызмет көрсету екіге бөлініп отыр. Аптаның үш күні қалалық көпбейінді аурухана базасында сынып келгендерге, басқа да жарақаттанушыларға көмек беріледі. Осындай жағдай аптаның қалған төрт күнінде облыстық клиникалық ауруханада қабылданады. Осы жылдың алғашқы тоқсанында облыстық аурухананың қабылдау бөлімшесіне 13 152 адам келген, 5 152 азамат жарақат бөлімінің көмегін алған. Бөлім меңгерушісі Ақылбек Бақаевтың сөзінше, мұнда шұғыл күндері тәулік бойы травматолог болады. Барлығына көмек көрсетіліп, жағдайларына қарай ем алулары үшін жергілікті емханаларға жолданады. Ал ауыр жарақатпен келгендер травматология бөлімінің қабылдау бөлімшесі арқылы қабылданады. Келушілердің күтіп қалулары жиі болатынын бөлім меңгерушісі де растап отыр.
– Шұғыл көмекті қажет ететіндерге дереу көмек беріледі. Екі травматологымыз бар. Биыл қыста көктайғаққа жығылғандар көп түсті. Мәселен, бір күнде 100-ден аса адам келеді. Оның 80 пайызы мұзға құлағандар. Ауыр жағдайда келгендерді шұғыл бригадамен дереу отаға, реанимацияға жеткіземіз. Ауруы орташа немесе қанағаттанарлық дәрежелі аурумен келгендердің күтіп қалатынын жоққа шығармаймыз. Жыл сайын қар түсіп, көктайғақ басталғанда мұзға құлағандар қатары көбейеді. Әрі биыл жылдағыдан артқанын атап өту керек, – деді А.Бақаев.
Сырқаттанушылар дәрігердің қарағанын күткені бір бөлек, рентген түсіретін кабинеттің алдында тағы отыруға мәжбүр. Қабылдау бөліміне келгендер де, жарақатпен түскендер де осы кабинеттен өтеді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының берген ақпаратына сүйенсек, жарақат бөліміндегі рентген құрылғысы 2017 жылы қойылған жаңа аппарат. Кореядан жеткізілген. Дегенмен, келушілер артқан кезде басқа корпустағы рентген түсіру аппараты қосымша пайдаланылады.
– Науқастардың күткісі келмейтінін жақсы түсінеміз. Бір уақытта 30 адамнан түскен жағдайлар болды. Әрқайсысына бір-бір дәрігерден бекіту мүмкін емес, – деп толықтырды бөлім меңгерушісі. Бүгінде бұл бөлімшеде төрт хирург, екі травматолог, бір терапевт және жақ-бет сүйегі хирургы, нейрохирург, лор, уролог дәрігерлері жұмыс істейді. Әйткенмен, олардың барлығы жүктемемен жүргенін атап өту керек. Яғни, бөлімшеге қосымша мамандар қажет. Тар шеңберлі мамандарды толықтыру маңызды болып тұр.
– Травматолог, терапевт, көз дәрігері, лор қажет. Маман тапшылығын шешу мақсатында жұмыстанудамыз. Қазір резидентура ашылды. Онда түскендер үш жыл көлемінде оқуы тиіс. Ақтөбеде нейрохирург, травматолог мамандығы бойынша оқып жатқан мамандарымыз бар, – дейді Ақылбек Әділханұлы.
Сондай-ақ бөлім меңгерушісі қабылдау бөлімшесіне жаңғырту жұмыстары жүргізілетінін хабардар етті.
Дәл осы мәселемен қалалық көпбейінді аурухананың жарақат бөліміне де бас сұқтық. Биылғы жылдың үш айында бөлімше 3099 адамды қабылдап, көмек көрсеткен.

– Жарақатпен түскендер мамандардың тексеруінен кейін рентген, компьютерлік томография зерттеулеріне жіберіледі. Қажет болған жағдайда басқа да зерттеулер жүреді. Денсаулық сақтау министрінің №450-ші бұйрығына сәйкес, ауыр, орта ауыр және орта деңгейдегі аурулар іріктеліп, рентгенге түсуге жіберіледі. Екі рентген, бір компьютерлік томография құрылғысы бар. Барлығы заманауи, соңғы технологиямен шыққан жаңа аппараттар. Қабылданушылардың күтіп қалу жағдайларына жол бермеуге тырысамыз. Қандай да бір сыну, нейрохирургиялық жарақаттар анықталса, стационарға жатқызылады. Биыл жарақаттармен қабылдауға келгендер өткен жылдардан шамамен бес пайызға арта түсті, – деді жұмыс барысы туралы түсіндірген ауруханадағы жарақат бөлімінің меңгерушісі Рашид Мұхтарұлы.
Бұл бөлімшеде мамандар толық жеткілікті. 26 білікті дәрігер-маман жұмыс жасайды.
Қазір жыл басына қарағанда жарақат бөлімінің екеуіне де келушілер азайған. Дегенмен, бау-бақша маусымы басталысымен аяқ-қолдарын кесіп алғандар, жәндіктердің шағып алуы жағдайымен түсетіндер көбейетіні белгілі. Демек, жарақат бөлімінің жұмыс жүктемесі төмендемейтіні анық. Бұған қоса, оқырмандар тарапынан редакциямызға келіп түскен кейбір хаттар мен сын-ескертпелер де нәтижесін берсе екен дейміз.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу