КИІК МҮЙІЗІМЕН ШЕКАРАДАН ӨТПЕКШІ БОЛҒАН
9 сәуір күні Батыс Қазақстан облысы «Сырым-Авто» шекара бекетінен киік мүйізін өткізбекші болған Өзбекстан Республикасының азаматы ұсталды.

Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері «Киік» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 9 сәуір сағат 11.45 шамасында «Сырым-Авто» шекара бекетінде шекара қызметімен бірлесе тексеру кезінде Өзбекстан Республикасының 1970 жылы туған азаматын ұстады. Бұл азамат қол сөмкесінің ішіне 148 дана киіктің мүйізін салып алып, шекарадан өтпекші болған.
БҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған факті бойынша Бәйтерек ауданының Приурал полиция бөлімі Қазақстан Республикасы ҚК-нің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу).
«Киік» жедел-профилактикалық іс-шарасы 30 сәуірге дейін жалғасады.
Соңғы жаңалықтар
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу