8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Сәуір 2019 2025 0
Өзек

ЕР АДАМНЫҢ МҮРДЕСІ ТАБЫЛДЫ

Оралдағы жеке мекемелердің бірінен ер адамның мәйіті табылды. Мүрде бірнеше күн жатып қалған. Орал қаласы полиция басқармасына бұл ақпарат 30 наурыз күні шамамен сағат 14.50-де түскен.

Хабарлама бойынша мекенжайға барған басқарманың жедел-тергеу тобы расында да, бірнеше күн бойы тасада жатып қалған қорлықпен өлтірілген ер адамның өлі денесін тапты. Жедел-іздестіру шаралары барысында осы серіктестік қызметкерлері мен күдікті деп танылған тұлғалар толықтай тексерілді. Полиция қызметкерлері бір күннің ішінде күдіктіні анықтады. Күдіктіге қатысты нақты деректер де мәлім болды.

Анықталғандай, 1981  және 1961 жылы туылған екі азамат алкоголь ішімдігін ішіп, соңына қарай сөзге дауласып, орталарында реніш басталады. Реніштің соңы жанжалға ұласып, 58 жастағы тұлға 38 жастағы азаматты аямай соққыға жығады. Қатты соққы салдарынан 38 жастағы жігіт ауыр дене жарақаттарымен сол жерде көз жұмады. Күдікті  тұлға кісі өлтіргенін толықтай мойындады. Қазіргі күні басқарманың уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
90 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
144 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
332 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
322 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»