8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Сәуір 2019 2454 0
Өзек

ШАЛҚАРДЫҢ ЕРЛІГІН ЕСКЕ АЛДЫ

Бүгін қызметтік міндетін атқару кезінде көз жұмған Атырау қалалық патрульді полициясының сержанты Шалқар Ақымғалиевтің туған күні.  Осы күнге орай Батыс Қазақстан облысы полицейлері азалы митингке жиналып,  әріптестерін еске алды.

 

Иә, сол кештегі қатерлі оқиға болмаса Шалқар бүгін 25 жасқа толар еді. 21 наурыз күні кешкі сағат 21.52 шамасында орталықтағы көпірден Жайық өзеніне секірген қыз туралы хабар алған Шалқар Ақымғалиев алғашқылардың бірі болып оқиға орнына жеткен еді. Еш ойланбастан өз өмірін тәуекел еткен ол мұзды суға секіріп, әйелге дейін жүзіп жетті. Өзен суының салқындығына және ағынның қатты болуына қарамастан, Шалқар әйелді жағаға шығаруға тырысты. Әйелдің бөренені ұстап, жүзуіне көмектескенімен, өзі өзеннің түбіне кетті. Әріптестері қанша тырысса да Шалқарды құтқарудың  мүмкіндігі болмады.

Полиция сержанты Шалқар Ақымғалиев өз өмірін құрбан етіп, әйел адамды құтқарды.

«Шалқар Ақымғалиевтің ерлігінің алдында біз басымызды иеміз. Оның бейнесі біздің жүрегімізде сақталады» – деді митингке жиналғандар алдында полиция полковнигі Болатбек Белгібеков.

БҚО ПД полиция қызметкерлерінің қатарында қызмет атқаратын полиция лейтенанты Қанат Мұхамбетов Шалқар Ақымғалиевпен жақсы таныс болған. Олар ІІО қызметіне қабылданар алдында алғашқы дайындық курстарында бірге оқыған. Қанат Шалқардың белсенді, өмірсүйгіш және тәрбиелі азамат болғанын айтады.

Митингте БҚО ПД қызметкерлері Шалқар Ақымғалиевті бір минуттық үнсіздікпен еске алып, суретіне гүл шоқтарын қойды.

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»