САУДА БАЗАРЛАРЫНА БАҚЫЛАУ КАССА МАШИНАЛАРЫ ЕНГІЗІЛУДЕ
Батыс Қазақстан облысында саудагерлерге онлайн-бақылау касса машиналарын қолдану түсіндірілуде.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап патент бойынша жұмыс істейтіндер ден басқа ашық сауда базарларында жұмыс істейтін кәсіпкерлер Онлайн-бақылау касса машиналарын (БҚМ) қолдануға міндетті. Осы орайда Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, «Азия Мол», «Орал» сауда үйлеріне, «Мирлан»,»Рашид» сауда базарына онлайн бақылау-кассалық машиналарын енгізу мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Түсіндіру жұмыстарымен қатар рейдтер жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша 7 әкімшілік хаттама толтырылып, олар бойынша ескертулері бар қаулылар шығарылды. Жыл ағымында бұзушылық қайталанған жағдайда кәсіпкерлік субъектісінің мөлшеріне байланысты 15 АЕК және одан жоғары айыппұл көзделген.
2019 жыл ішінде тоқсан сайынғы негізде онлайн-БКМ қолдануға 633 қызмет түрі ауыстырылады:
Яғни 1 сәуірден бастап 323 қызмет түрі, 1 шілдеден бастап 86, 1 қазаннан бастап 224 қызмет түрі ауыстырылады.

Қызмет түрлерінің тізімі БҚО бойынша МКД сайтында орналастырылған http://bko.kgd.gov.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
ӨЗ САЙЛАУ УЧАСКЕҢІЗДІ ҚАЛАЙ ОҢАЙ ТАБУҒА БОЛАДЫ? ОНЛАЙН-СЕРВИС ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
БҚО-да жол қозғалысы ережесін сақтамаған жүргізуші жауапқа тартылды
160 мың мұғалімге ChatGPT Edu: теледебаттың басты тақырыбы – білім мен жасанды интеллект
Әдеп жөніндегі кеңесте білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
«Сайлау-2026: жаңа саяси конфигурациядағы өңірлер» тақырыбында «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» ұлттық сарапшылық алаңының отырысы өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?

Кіру
Пікір үстеу