ОРАЛДА СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗІНДЕ ҚАУІПСІЗ ОРЫНҒА КӨШУ АМАЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛУДЕ
Оралда саяжай тұрғындарына өрт қауіпсіздігінің алдын алу және көктемгі су тасқыны кезіндегі бірінші әрекеттер түсіндірілуде.

Қардың қалың түсуіне байланысты Шаған, Деркөл және Жайық өзендері арнасынан асып кетуі мүмкін. Сондықтан апаттың алдын алу үшін құтқарушылар қазірден қамданып жатыр. Егер тасқын бола қалса, бірінші кезекте саяжайларды мекен еткендер зардап шегеді.
Төтеншеліктер өткен аптадан бері өзен сағасындағы 75 саяжайды шарлап, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Олар әр үйдің есігін қағып, тұрғындарға қауіпсіздік шараларын түсіндіруде. Бұған еріктілер де жұмылдырылған.
– Бір аптадан бері құтқарушы мамандармен бірге саяжайларды аралап, түсіндіру шараларын жүргізудеміз. Үйде болмаған жағдайда жадынамаларды қалдырамыз. Онда су тасқыны кезінде қауіпсіз жерге көшудің амалдары және арнайы қызметтерге хабарлау туралы толық жазылған, – дейді ерікті, жоғары аграрлық теникалық колледжінің студенті Кәмила Қожабергенова.
Апат айтып келмейді, бірақ қазақта «сақтансаң сақтаймын» деген сөз бар. Өңірде су тасқынының ықтималдылығы мәлім етілген болатын. Өйткені биылғы қардың түсуі жылдағыдан айтарлықтай мол.
Төтеншеліктер тек түсіндіру жұмыстарын жүргізумен ғана шектелмейді. Тасқынға төтеп беру үшін 20 мың құм толтырылған қаптар мен техникаларын да сайлап отыр.
Айта кетейік, аталған өзендердің бойында 75 саяжай қауымдастығы бар. Оларда 14 мыңға жуық тұрғын тұрып жатыр.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу