8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Ақпан 2019 2028 0
Қоғам

МЕКТЕПКЕ АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ҚАБЫЛДАУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛЕДІ

        Биылдан бастап жеке мектептерді  қаржыландыру көзделген.  Мектепке автоматты түрде қабылдау жүйесі енгізіледі. Бұл туралы Орал қалалық білім беру бөлімінің басшысы Асан Нарымбаев айтып берді.

– Өткен жылы  «Мемлекеттік білім тапсырысын іске асыру» бағдарламасы бойынша  40 жеке балабақша  3460 балаға 674362 мың теңге мемлекеттік білім тапсырысын алды. Бекітілген бюджетке сай  бір тәрбиеленушіге 19354 теңгеден қаражат бөлінді. 2018 жылдың соңына дейін жеке мектепке дейінгі ұйымдар айырмашылығы 76728 мың теңге құрап отыр. Бюджеттен қосымша қаражаттың бөлінбеуіне байланысты осы қажетті қаражат  берілген жоқ. 2019 жылы «Мемлекеттік білім тапсырысын іске асыру» бағдарламасы бойынша 3460 балаға 40 жеке мектепке дейінгі ұйымдарға 435700 мың теңге  бөлініп отыр. 2017 жылғы наурызда қалалық мәслихат депутаттарының шешімімен «Мектепке дейінгі ұйымдардың қызмет үдерістерін автоматтандыру» жобасын жүзеге асыруға 15 000 мың теңге бөлінді. Http: //garden.bilim-oral.gov.kz сайтында мектепке дейінгі мекеме туралы ақпаратты алуға, балабақшаға жолдама беріп, айырбастау орындарын табуға, тапсырысты табуға, қолжетімділікке қол жеткізуге мүмкіндік бар. Жүйе жыл бойы жұмыс істейді. Орал қаласының білім беру бөліміне қала мектептерінің бірінші сыныпқа және шағын орталықтарына автоматтандырылған қабылдау жүйесін енгізу үшін биылғы жылға жалпы сомасы 19 758 мың теңге бөлінді. Орал қаласындағы 51 мектепте «Kundelik» электронды журналдар мен күнделіктер жүйесі  енгізілді. Қаланың 49 мектебі «Bilimland» порталында «Imektep» және «Itest» ресурстары онлайн режимінде және №18, 29 мектептер  оффлайн режимінде жұмыс істейді, онда оқу процесінде қолдануға арналған түрлі бейнелер мен көрнекі құралдар бар. Бұл мақсатқа  9120 мың теңге бөлінді. Қаланың 51 мектебі 4 Мбит/с-ден астам кең жолақты интернет желісіне қосылды. 2018 жылы жалпы сомасы 49125 мың теңге бөлінді. Кең жолақты интернет желісімен мектептердің 98% қамтамасыз етілді. Ал биыл 47376 мың теңге қарастырылды. Қаладағы 48 мектепті техникалық инфрақұрылыммен (интерактивті тақта, проектор, компьютер) жабдықтау үшін 2018 жылы 119 040 мың теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі таңда қалалық мектептердің дербес компьютерлермен қамтамасыз етілуі 60%-ды құрайды. Қаладағы 49 мектеп Wi-Fi желісіне қосылған. Тек №18 және №29 мектептерге Wi-Fi желісін қосу үшін техникалық мүмкіндік болмай отыр, – дейді қалалық білім беру бөлімінің басшысы Асан Маратұлы.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»