МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
М.Өтемісов атындағы БҚМУ студенттері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Артур Платоновпен кездесті.


Кездесу барысында Н.М.Әбдіров студент жастарды көргеніне қуанышын білдіріп, Батыс Қазақстан облысына жасаған іс сапарын әңгімеледі. Жиналғандарға үгіт-насихаттың көп керектігін айтты. Артур Станиславович осыған дейін бірнеше жыл университет қабырғасында қызмет еткенін айта кетіп, мұндай аудиторияда сөз сөйлеу, ой бөлісу – оқытушы үшін бақыт екенін жеткізді. Біздің еліміздің басынан кешкен оқиғаларын еске алып, тәуелсіздік алғаннан бергі жетістіктерге тоқталды. Елбасының бастамасымен қолға алынған бағдарламалардың маңыздылығы мен қажеттілігін түсіндірді. Университет ректоры, әрі кездесу модераторы Нұрлан Хабиболлаұлы Серғалиев студенттерді көкей кесті сұрақтары мен ұсыныс-тілектерін айту үшін ашық микрофонға шақырды.

Сөз алған студенттер алдағы уақытта қабылданатын заңнамаларды, болашақта маңызды болар мамандықтар туралы, “Педагог мәртебесі” туралы заңның дайындалуы, жастар мәселесі жөніндегі сұрақтарын қойды. Салмақты сұрақ, тұшымды жауаптар кездесудің мағынасын арттырды.

Айзада Дүйсенова
Фотосуреттерді түсірген рафхат Халелов
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу