8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Қараша 2026 29 0
«Әділет» партиясы

АУЫЛДЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Әділет» партиясы Батыс Қазақстан облыстық сайлауалды штабының өкілдері үгіт-насихат науқаны аясында Жаңақала ауданына қарасты Мендешева ауылына барып, тұрғындармен кездесті. Кездесуге штаб мүшелері Ақылжан Ахметов пен Ербол Салықов қатысты.
Ашық диалог барысында штаб өкілдері «Әділет» партиясының 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды. Атап айтқанда, «Күшті өңірлер – қуатты ел» және «Іс жүзіндегі еститін мемлекет» бағыттарына тоқталып, ауылдық аумақтарды дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту мәселелерін түсіндірді. Сондай-ақ ауыл тұрғындарының табысын арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу, шағын кәсіпкерлікті қолдау шаралары сөз болды. Әсіресе, жылдық 2,5 пайызбен берілетін «Ауыл аманаты» бағдарламасының аясын кеңейту арқылы ауылдағы кәсіпкерлік бастамаларға қолдау көрсету мәселесіне басымдық берілді.
– Сайлауалды бағдарламамыздың басты ерекшелігі – оның орталығында нақты адам, оның күнделікті тұрмысы мен талап-тілегі тұр. Қуатты Қазақстан – қуатты ауылдан басталады. Шалғай елді мекендердің тұрғындары да қала халқымен бірдей еңбек етуге, кәсіп ашуға, дамуға және бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік алуы керек, – деді Ақылжан Ахметов.
Кездесудің екінші бөлігінде ауыл тұрғындары көкейде жүрген сауалдарын ортаға салып, өзекті мәселелерді көтерді. Әсіресе, ауылдағы мәдени өмірді жандандыру, әлеуметтік инфрақұрылымды қолдау және тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мәселелеріне назар аударылды. Тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстар мен өтініштер штабтың тапсырмалар тізіліміне енгізіліп, алдағы уақытта депутаттық және партиялық бақылау аясында назарда болады.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, ауыл тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді тікелей жеткізуге мүмкіндік алды. Мұндай кездесулер халықтың талап-тілегін тыңдап, елді мекендердің дамуына қатысты өзекті мәселелерді бірлесе талқылауға жол ашуымен де маңызды.

Дайындады: «Әділет» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі
Тапсырыс беруші: Бектұрған Б.О.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
АУЫЛДЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
23 Қараша 2026
29 0
«Әділет» партиясы
ТАЗАЛЫҚ ПЕН ТӘРТІП – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
21 Қараша 2026
151 0
«Әділет» партиясы
АМАНГЕЛДІЛІКТЕР ЖОЛ МӘСЕЛЕСІН КӨТЕРДІ
20 Қараша 2026
199 0
«Әділет» партиясы
АУЫЛ ӨМІРІНЕ ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
19 Қараша 2026
232 0
«Әділет» партиясы
АҚПАРАТТЫҚ НАУҚАН ҚАРҚЫН АЛА ТҮСУДЕ
19 Қараша 2026
250 0
«Әділет» партиясы
АУЫЛ БОЛАШАҒЫ – ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТҰРАҚТАУЫНДА
18 Қараша 2026
265 0
«Әділет» партиясы
«ЖАЙЫҚЖЫЛУҚУАТ» ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
17 Қараша 2026
289 0
«Әділет» партиясы
ӨҢІРДЕ САЙЛАУАЛДЫ НАУҚАН ҚАРҚЫН АЛУДА
17 Қараша 2026
282 0
Заң және тәртіп
Тоқаев жүйелі тәртіпті жасауға кірісті
13 Қараша 2026
390 0
«Әділет» партиясы
ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ МҮДДЕСІ – БАСТЫ НАЗАРДА
12 Қараша 2026
444 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»