8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Қазан 2026 59 0
Өңір жаңалықтары

Тың өндіріс: Теректіде су сүзгілері шығарылады

Өңіріміздегі отандық өнім өндіретін кәсіпорынның жұмысы дамып келеді.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Теректі ауданына жұмыс сапары аясында Теректі ауылында орналасқан M&N Filters ЖШС кәсіпорнының өндірістік қызметімен танысты. Кездесу барысында өңір басшысына өндіріс барысы, шығарылатын өнім түрлері және кәсіпорынның даму жоспары туралы мәлімет берілді.

Кәсіпорын биыл қаңтар айында жұмысын бастаған. Өндіріс орнын іске қосу үшін өткен жылы ғимарат сатып алынып, жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар Қытайдың Шанхай қаласынан қажетті өндірістік жабдықтар жеткізіліп, орнатылған.

Қазіргі уақытта серіктестік өнеркәсіптік және тұрмыстық мақсатта пайдаланылатын су сүзгілерінің үш түрін шығарады. Өндірісте шикізат ретінде Атырау қаласындағы газ-химия кешенінде өндірілетін полипропилен қолданылады. Биыл кәсіпорында 40 мың дана сүзгі дайындалған. Жобаның жалпы инвестиция көлемі 170 миллион теңгені құрайды.

Өндіріс орнында бес адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Оның ішінде екі қызметкер Қытайда арнайы оқудан өтіп, заманауи жабдықтарды басқару және пайдалану технологияларын меңгерген.

Кәсіпорынның өндірістік әлеуетін арттыруға мемлекеттік қолдау да ықпал етіп отыр. Атап айтқанда, серіктестік «Даму» қорының «Өрлеу» бағдарламасы арқылы жеңілдетілген қаржыландыруға қол жеткізген. Соның нәтижесінде несие мөлшерлемесі 21 пайыздан 12,5 пайызға дейін төмендеген.

Бүгінде кәсіпорын өнімдері Орал қаласында сатылып, Қазақстанның өзге өңірлеріне де жеткізілуде. Сонымен қатар серіктестік Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізілген. Бұл отандық өнімнің нарықтағы орнын нығайтып, өткізу аясын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Өңір басшысы кәсіпорын жұмысымен танысу барысында жергілікті өндірісті дамыту, жаңа технологияларды енгізу және отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңыздылығына тоқталды.

–Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев отандық өнімдердің нарықтағы үлесін арттырып, қарапайым заттар экономикасын дамытуды тапсырды. Осы міндет аясында өңірде жаңа өндіріс орындарын ашуға, заманауи технологияларды енгізуге және жергілікті шикізатты тиімді пайдалануға басымдық беріп келеміз. Мұндай жобалар импортқа тәуелділікті азайтып, экономиканың дамуына және халықты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Кәсіпкерлердің тың бастамаларына әрдайым қолдау көрсетуге дайынбыз, – деді Нариман Төреғалиев.

Жергілікті шикізатты пайдаланып, сұранысқа ие өнім шығаратын кәсіпорынның қызметі өңірдегі шағын және орта бизнесті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және отандық өндірістің әлеуетін арттыруға бағытталған.

 

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Конституция
Еңбек адамы – ел дамуының тірегі
09 Қазан 2026
57 0
«Әділет» партиясы
«Әділет Керуені» партиялық акциясы
08 Қазан 2026
99 0
ЭКСЖ жобасы аясында
Оралда 4 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда
07 Қазан 2026
141 0
Конституция
Аманатқа қиянат жасамайық
04 Қазан 2026
221 0
Таза Қазақстан
Оралда 200-ге жуық ағаш көшеті отырғызылды
03 Қазан 2026
255 0
Без рубрики
Әлеуметтік әділеттілік және қамқорлық
03 Қазан 2026
243 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»