8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Қыркүйек 2026 99 0
Жол / Құрылыс

8 жоба аясында 16 шақырым жол жөнделді

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Орал қаласында жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстарымен танысты. Биыл шаһардағы көше жолдарын жақсарту мақсатында 8 жоба жүзеге асырылып, оның аясында шамамен 16 шақырым жолды жөндеу көзделген. Қазіргі уақытта жоспарланған жұмыстардың жартысынан көбі орындалды.

Алдымен облыс әкімі Школьная көшесіндегі жол жөндеу барысын бақылап көрді. Бұл аумақта шамамен 1 шақырым жолдың жабындысы жаңартылуда. Жұмыс барысында жолдың беріктігін арттырып, қызмет ету уақытын ұзартуға мүмкіндік беретін заманауи технология пайдаланылған.

Аймақ басшысы жергілікті тұрғындармен кездесіп, қала инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған жұмыстардың басты мақсаты халықтың тұрмыс сапасын арттыру екенін айтты. Сонымен қатар ол тұрғындарды өз аулаларының тазалығы мен абаттандырылуына жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Нариман Төреғалиевтің айтуынша, қаланы көркейту ісіне тек коммуналдық қызметтер ғана емес, тұрғындардың өздері де белсенді түрде атсалысуы қажет. Әсіресе жеке секторда тұратын азаматтар аулаларын жаз мезгілінде шөп-шаламнан, ал қыс кезінде қардан уақытылы тазалап отырғаны маңызды. Мұндай жауапкершілік қаланың тазалығын сақтаумен қатар, жауын-шашын немесе қар еріген кезде су басу қаупінің алдын алуға ықпал етеді.

Бұдан кейін облыс әкімі Сыбаға көшесіндегі жаңартылған жолды көрді. Мұнда ұзындығы 895 метр болатын жол учаскесі толықтай жөндеуден өткен. Аталған жобаны «Ануш құрылыс» компаниясы іске асырған.

Сонымен бірге Каримуллин көшесінде ұзындығы 1,5 шақырымға жуық жол бөлігін орташа жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Нысандарды аралау барысында облыс әкімі қала басшылығына кәсіпкерлік нысандардың маңындағы аумақтардың тазалығына бақылауды күшейтіп, тиісті талаптар қоюды тапсырды.

Жол қауіпсіздігіне қатысты мәселелер де назардан тыс қалмады. Тәртіп сақшылары аталған аумақта бейнебақылау камералары мен көлік жылдамдығын анықтайтын арнайы құрылғылардың орнатылғанын баяндады.

Жалпы биыл Орал қаласында 50-ден астам көшенің жолдарын жаңарту жоспарланып отыр. Қазіргі таңда олардың 30-дан астамында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп үлгерген.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Жол / Құрылыс
8 жоба аясында 16 шақырым жол жөнделді
29 Қыркүйек 2026
99 0
Toqaev2026
ҚР Қорғаныс министрі тағайындалды
27 Қыркүйек 2026
188 0
Без рубрики
Бүгін – Еңбек күні
27 Қыркүйек 2026
183 0
Заң және тәртіп
135 автоматты жүйе жұмыс істейді
23 Қыркүйек 2026
313 0
Өңір жаңалықтары
«Дала дәмі» демалыс сайын өтеді
23 Қыркүйек 2026
315 0
Өңір жаңалықтары
ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА
22 Қыркүйек 2026
306 0
Таза Қазақстан
Аймақ басшысы ағаш көшеттерін отырғызды
21 Қыркүйек 2026
331 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»