Бүгін – Еңбек күні
Құрметті отандастар!
Сіздерді Еңбек күнімен құттықтаймын!
Бұл – қарым-қабілетімен, ақыл-парасатымен және қажырлы еңбегімен қастерлі Отанымыздың өсіп-өркендеуіне зор үлес қосып жүрген түрлі мамандық иелері ұлықталатын, оларға құрмет көрсетілетін мерейлі күн.

Өз ісін жетік меңгерген кәсіби маман болу – қазіргі заманның аса маңызды талабы. Білікті, жауапкершілігі жоғары, еңбекқор және тәртіпті азаматтардың арқасында көптеген елдер, соның ішінде Қазақстан да әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан мол табысқа жетуде.
Әлем халықтарына ортақ «Еңбек – бәрін жеңбек» нақыл сөзінің мәні зор, мағынасы терең. Табанды еңбек – жетістікке жетудің көзі. Адал ниетпен атқарылған әрбір іс – қадірлі, кез келген еңбек – зор құрметке лайық.
Бүгінгі таңда Қазақстан жаңа тарихи кезеңге қадам басты. Алдымызда ауқымды міндеттер тұр. Конституциямыз және онда айқын көрініс тапқан Әділетті Қазақстан, заңға бағыну, бірлік пен ынтымақ, еңбекқорлық пен ілгерілеу, табиғатқа қамқорлықпен қарау идеялары – еліміздің тұрақты дамуына жол ашатын темірқазық.
Қазір қоғамымызда «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты жаңа этика қалыптасты. Былтыр Жұмысшы мамандықтар жылын атап өттік. Бұл бастама еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттырып, тәлімгерлік дәстүрі мен еңбек әулеттерінің мән-маңызын нығайта түсуге тың серпін берді.
Мемлекет алдағы уақытта да азаматтарымыздың жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасай береді. Жастарға кәсіби білім беру, олардың еңбек дағдыларын ұштау, сондай-ақ, өскелең ұрпақтың бойына аға буынның бай өмірлік тәжірибесі мен тағылымын сіңіру – аса маңызды міндет. Жастары жасампаз елдің болашағы да жарқын, дамуы да қарқынды болары айқын.
Біз ынтымағы жарасқан, мақсат-мүддесі ортақ біртұтас ұлт ретінде әділдік, табиғатты аялау, заң үстемдігі, өркендеу құндылықтары және, ең бастысы, еңбекқорлық қасиеті іс жүзінде орныққан ел боламыз. Мен бұған кәміл сенемін.
Құрметті отандастар, баршаңызға мықты денсаулық, амандық және толағай табыс тілеймін!
Еліміз өсіп-өркендей берсін!
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер ҚР мемлекеттік наградаларымен марапатталды
Маңғыстау облысында болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан Батыс Қазақстан облысының әскери қызметшілерін жерлеу рәсімдері өтті
Air Astana Каспийде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасын тегін тасымалдайды
Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза болу жағдайын Үкіметтік комиссия тексеруде
Каспий теңізінде жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды: іздестіру операциясы аяқталды
БҚО-да 129 әлеуметтік нысан салынып, медицинаға жасанды интеллект енгізілуде
БҚО тәртіп сақшылары мен жастар заңсыз граффитиге қарсы бірікті
«Қауіпсіздік коды: 102-111-150»: тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ!!!
Президенттің Жарлығы жарияланды – Қазақстан Халық Кеңесіне еліміздің 126 азаматы кірді
Елге қызмет еткен тұлғаға құрмет: Мұстақым Ықсановтың 100 жылдығы аталып өтті
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды

Кіру